Оқуға түсу үшін құжаттар тізімі

Магистратураға түсетін тұлғалар, қабылдау бөліміне 28 тамызға дейін  келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш.
  2. Жоғары білімі туралы құжат және оның қосымшасы (түпнұсқа және көшірмелері);
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  5. 075/у медициналық анықтамасы, флюорография;
  6. Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат: (бар болған жағдайда)

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

IELTS Academic – шекті балл кемінде – 6.0;

TOEFL IBT – шекті балл кемінде – 60;

неміс тілін меңгеру бойынша::

DSH – B2 деңгейі;

TDF – B2 деңгейі;

француз тілін меңгеру бойынша:

TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;

DELF – В2 деңгейінен төмен емес;

DALF  – В2 деңгейінен төмен емес;

TCF – В2 деңгейінен төмен емес.

  1. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  2. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 6 және 7 тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары түсушіге қайтарылады.

Құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушіден құжаттарды қабылдамайды.

Қабылдауға құжаттар тізімі