«Олжаға толы сәуір айы»




08.05.2012

Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық Делфийлік ойындар комитетімен бірлесе отырып  21 сәуір күні Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Акт залында талантты  жастарға қолдау көрсетуде,  өнерлі жастардың арасынан түрлі байқаулардан  іріктеу турын өткізді. Біздің оқу орнымыздан 2012 жылғы VIII Қазақстан Ұлттық Дельфийлік ойындар байқауында  стоматология факультетінің 3 курс студенті Месов Олжас қатысты. Академиялық ән айтудан Олжас I орынды жеңіп алды. Биылғы жылдың сәуір айы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне олжалы ай  болды. Талантты студенттеріміз түрлі байқаулардан орын иегерлері атануда. Бұл игі іс көңілге қуаныш ұялатады.  Олжас  2011 жылы университет атынан  VII Қазақстан Ұлттық Дельфийлік ойындарда қалааралық  іріктеуде,  патриоттық әндер байқауынан I орынды иемденіп, Республикалық байқауда екінші орынды жеңіп алған болатын. 2011 жылдың көктемінде «VIVAT, Казахстан» әскери-патриоттық әндер фестивалінен қалалық, Республикалық байқауда да Гран- Приді жеңіп алды.  Алдағы маусым айының аяғына таман Көкшетау қаласында өткізілетін Республикалық байқауға қатысатын болады. Олжасқа тек қана жеңіс тілейміз!

 

VIII Қазақстан Ұлттық Дельфийлік ойындар байқауының І орын иегері, стоматология факультетінің 3 курс студенті Месов Олжас. Марапаттау рәсімі.

Студенттердің  әлеуметтік-мәдени құзіретін қалыптастыру

басқармасының көркемдік жетекшісі С.А.Апсаттарова