Осы жазда студенттер құрылыс қатарының жұмысына ҚазҰМУ-дың 100 студенті атсалысуда




01.08.2011

Ең алғашқы студенттер құрылыс қатары ұйымдастырылған уақыттан бері ондаған жылдар өтті. Бұл құрылыс қатарлары 50-60 жылдың энтузиаст жастарының бастамасымен құрылған болатын. Сол кезден бастап студенттер құрылыс қатарлары көптеген істерді тындырып, өздерінің дәстүрлерін қалыптастырды.

Біздің университет студенттері де өзінің студенттік құрылыс қатарын құрды. Биылғы жылы оның құрамына 100 қыз-жігіттен тұратын медик-студенттер кіріп отыр. Жазғы каникул кезінде олар жатақхананы жөндеу, университетті көгалдандыру, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысады. Осы жазда біздің студенттер 2,3 оқу ғимараттарын, жатақханаларды және Тәжірибелік дағдылар орталығын жөндеу жұмыстарына белсене араласуда. Біздің студенттер – ең белсенді әрі жауапкершілігі зор жастар!