Қосымша шұғыл ақпарат




30.03.2012

12.00

31-арнаның ҚазҰМУ жемқорлық ең сыбайласқан ЖОО қатарында деген мәлімдемесі негізінде, осы мәселені анықтау үшін біз Студенттер мен жастардың тәуелсіз кәсіподағының көшбасшысы Ринат Қыбраевты шақырдық.

Ашық әңгімелесу барысында наурыз айында ҚазҰМУ студенттерінен небәрі екі ғана үндеу түскені анықталды. Бұл айға дейін шағымдардың болмағанын айта өткен жөн.

Біздің ойымызша, бұл көрсеткіш (2 арыз)  біздің ЖОО-да сыбайластықтың бар екенін дәлелдей алмайтын дақпырт болып табылады.

Қалай болғанда да, бұл жағдайлар бүге-шүгесіне дейін қарастырылады әрі тиісті шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, Ринат Қыбраев парақорлық фактілерін анықтауда бірлесе қызмет атқаруға сөз берді әрі ол 4-сәуірде жемқорлық мәселелері бойынша біздің универсиетімізде студенттер қоғамымен өтетін кездесуге шақырылды.