Профессор, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, 1975-1987жж. университет ректоры, ҚазҰМУ материалдық-техникалық базасының негізін қалаушы Маскеев Қуаныш Мүбаракұлы – 80 жаста!




15.02.2012

2012 жылғы 15-ақпанда сағат 14.00 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ Залында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Маскеев Қуаныш Мүбаракұлының 80-жылдық мерейтойы құрметіне салтананатты конференция өтеді, іс-шараға ҚР ҰҒА академиктері Шарманов Т.Ш., Ормантаев К.С., Рақышев А.Р., мерейтой иесінің достары мен әріптестері қатысады.

1111111111111 Коллектив КазНМУ сердечно поздравляет Маскеева Куаныша Мубараковича с 80 летием!

Адамды жасаған ісіне қарай танитынымыз белгілі. Және де ол істі қанша уақытта атқарғаны да маңызды. Олай дейтін себебіміз –  Қуаныш Маскеевтің Университет ректоры қызметін атқарған кезеңді ҚазҰМУ-дың материалдық-техникалық базасының іргесі қаланған бүкіл дәуір деуге болады. Қуаныш Мүбаракұлы Маскеев басшылық еткен тұста еліміздегі ең ірі медициналық оқу орнында көптеген оң өзгерістер болды. Дәл осы жылдары жаңа оқу ғимараттары, зертханалар және жатақханалар ашылды. ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов атап өткендей: «Университеттің барлық материалдық-техникалық базасын университетіміз қазіргі күнге дейін пайдаланып келеді – бұл Қуаныш Мүбаракұлының еңбегі. Бұл университет үшін әлі ешкім Маскеев атқарған істерді жасаған жоқ…».

МАСКЕЕВ  ҚУАНЫШ  МҮБАРАКҰЛЫ,

1932 жылы 12 ақпанда туылған

фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995) және ҚР Жаратылыс ғылымдары академиясының вице-президенті (1996 жылдан бастап). 1955 жылы ҚазММИ-дің емдеу ісі факультетін тәмамдаған. 1964-1975 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Алма-Ата дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында ассистент, доцент, туберкулез кафедрасының меңгерушісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған. 1972 жылы докторлық диссертация қорғады.

1975ж. АММИ ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды. Осы аралықта университетте оқу-әдістемелік орталық және ақпарат зертханасы ұйымдастырылды, оқыту процесін компьютерлендіру және лингафонизациялау басталды, шетелдік студенттер үшін факультет ашылды, көптеген кафедралар қайта жабдықталды, техникалық құралдар мен кітапхана қоры екі есеге арттырылды, институт мұражайының іргесі қаланды, 38 доктор және 350 ғылым кандидаттары, т.б. дайындалды. Материалдық база айтарлықтай күшейді: ректорат ғимараты реконструкцияланды, аудиторлық корпус, конгресс-холы бар бас оқу  ғимараты, студенттік жатақханалар, емдеу-сауықтыру орны, аспиранттар және клиникалық ординаторлар үйі, балалар бақшасы, барлығы 11 нысан салынды, оның ішінде 2 тұрғынүй бар.

1) аудиторлық корпус (Масанчи к-сі),

2) Конгресс-холлы бар оқу ғимараты 1000 орынға арналған өгенбай батыр көшесінде),

3-4) студенттер қалашығында екі 5-қабатты студенттер жатақханасы

5) жоғары курс студенттері үшін Қалқаман ықшамауданында 9-қабаттық жатақхана

6) аспиранттар және клиникалық ординаторлар жатақханасы,

7) студенттерге арналған емдеу-сауықтыру орны жабдықтарымен (студенттер қалашығында, қазір ҚазҰМУ клиникасы),

8) студенттер мен оқытушылар үшін балалар бақшасы – 5-ықшамауданда,

9-10) ЖОО қызметкерлері үшін Құрманғазы (Әуезов көшесінің қиылысы) көшесінің бойында 60 және 85 пәтерлік екі тұрғын үй салды,

11) Талғарда студенттік сауықтыру лагері – 12 га алма бағы бар, ол жерде 3 бірқабатты үй салынған

 

Жоғары медициналық білімді жетілдірудің, ғылымды дамыту және кадрлар дайындаудың негізгі көрсеткіштері бойынша 1980 ж. институт Компартия ОҚ, Министрлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды, 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Қ.М.Маскеевтің кандидаттық (1963) және докторлық (1972) диссертациялары эпидемиологияның аймақтық ерекшеліктерін, клиниканы және сүйек-буын, лимфабезді туберкулезді емдеудің тиімділігін дәрі резистенттілігі аспектісінде, туберкулездің микобактерияларының уыттылығы мен түрлерін зерттеуге арналған, оларды емдеу талаптары берліген.

Ол жануарларға жасаған туберкулез бронхоаденитінің, перифериялық лимфоаденитінің, мезоадениттің эксперименттік үлгілері микоорганизм мен туберкулезді қоздырғыштың арақатынасының күрделі механизмдерін ашуға және фтиногенез саласының кейбір даулы мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Қ.М.Маскеев созылмалы бронхиттің таралу заңдылықтары мен өту ерекшеліктерін, экологиясы нашар аймақтардағы әртүрлі жастағы халықтың арасындағы жіті және созылмалы пневмонияны, ішімдікке салынған адамдардың өкпесінің деструктивті туберкулезін зерттеп анықтады, ал 1992 жылдан бастап ҚР экономикалық дағдарыс жағдайындағы туберкулез мәселелерін зерттеді. Оның авторлығымен пульмонологиялық науқастарды (галотерапия, тыныс алуды жаттықтыру, лазерлік терапия) дәрілік емес емдеу технологиясы әзірленді.
Маскеев Қ.М. 177 жұмыс жариялады, оның ішінде: 36 – бүкілодақ бойынша, 7 – халықаралық басылымдарда, 3 монография жариялады, 1 оқулық, 3 оқу құралы, 14 әдістемелік ұсыныс, өнертабысқа 3 авторлық куәлік алған, 13 кандидат және 2 ғылым докторы дайындаған. Оның редакциясымен фтизиатрия және пульмонология саласы бойынша 5 ғылыми жинақ шығарылды. Ол Алматы горкомы пленумының, Қазақстан КП Кеңестік райкомының мүшесі (1979-1988), қалалық Кеңес депутаты  (1975-1988), КСРО жоғары медицина мектебінің Басқармасының мүшесі (1978-1987), Бүкілодақтық фтизиатрлар(1973-1992), пульмонологтар(1988-1992) ғылыми қоғамының мүшесі, КСРО МҒА «Пульмонология» проблемалық комиссясының мүшесі(1981-1992), Алматы қ. рекорлар кеңесі төрағасының орынбасары(1978-1987) болған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2 төсбелгімен, ҚР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен, КСРО  және ҚазССР ДМ Құрмет грамоталарымен, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісімен, медицина саласына қосқан үлесі үшін С.П.Боткин (1984) атындағы медальмен маратпатталған.

ҚазҰМУ баспасөз қызметі