ҚР Мемлекеттік Ә.Кастеев атындағы өнер мұражайындастуденттердіңкөрмені тамашалауы




26.03.2013

2013ж. наурыздың 19 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  ЖМ 1 курс 12-004 тобының студенттері  және Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының аға оқытушысы  тьютор Ерназарова С.Т.- мен бірге Алматыдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә.Кастеев атындағы өнер музейінде Салах Абдула Халектің Мысыр Араб Республикасы каллиграфия көрмесінің ашылуын тамашаладық.

Салах Абдул Халек Мысырда және шет елдерде араб каллиграфиясы бойынша өз арсеналында 100-ге тарта көрме өткізген суретші. Ислам өнерінде каллиграфияның орны ерекше. Араб каллиграфиясы өнері Құранда жазылған Құдай сөздерін сақтап, тарату құралы болып, ерекше құрметке ие болды. Каллиграфия ислам тарихының ең ерте кездегі сатыларында гүлдене бастады. Араб жазуының еуропа жазуынан ерекшелігі, ол оңнан солға қарай жазылуында.

Шебер каллиграфтардың мұрасы, жазу ережелері мен техникасы күні бүгінге дейін сақталып келеді, оны осы көрмеден көресіздер.