С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Этикалық Кеңесінің Намыс Кодексі туралы ереже




27.10.2013

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Этикалық Кеңесінің Намыс Кодексі туралы

Ереже

Этикалық Кеңес Намыс Кодексі

  • С.Асфендияров атындағы Этикалық Кеңес Намыс Кодексі (әріде Кеңес) қоғамдық орган ретінде С.Асфендияров атындағы оқытушы және студент Намыс Кодексін орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Намыс Кодексінің Кеңесі профессорлар-оқытушылар құрамы және студенттер үшін құрылған.
  • НК қабылдау университет ұжымының мүшесі үшін міндетті.

Намыс Кодексін бұзушылығы туралы

  •  Намыс Кодексін бұзатындарға оқытушылар және студенттер қарсы болуы керек.
  • Бұлар туралы Этикалық Кеңеске хабарлау керек, ұйғарылған жөнсіздік туралы құжаттар дәлелдер ретінде табыс етілуі қажет.

Кеңес іс-шаралары:

  • Тәртіп бұзған оқытушы (студент) қай кезде тыңдалатындығы, датасы, уақыты, орны туралы хабарланатын болады.
  • Егерде оқытушы (студент) Кеңесте сөйлемейтін болса, онда іс-шара оларсыз-ақ өткізіледі.
  • Тыңдалғанға дейін оқытушы (студент) Кеңес мүшелерінің шешімі әділетті болмаса, Этикалық Кеңес төрайымына негіздемеленген арыз жазып шағымданады.
  • Оның мамандық талаптарына сай келмеуі туралы Төрайым деканмен, орынбасарымен және Кеңес мүшелерімен ақылдасады.
  • Кеңестің кез келген мүшесі мұнда мүдделер қақтығысы бар деп есептесе, онда өз сөзін қайтып алады.
  • Егерде оқытушы мамандық талаптарына сай емес деп танылса, онда оны басқамен  алмастыру керек.
  • Оқытушыға (студентке) үстіне келіп түскен шағымның орынсыз екені туралы жазбаша немесе ауызша түсініктеме бере алады және тыңдауға қатысып отырған куәларға сұрақ қоя алады.
  • Тыңдау кезінде кінәсін дәлелдейтін құжаттар табыс етілсін.
  • Кеңес мүшелері  талқылай келіп, қорытынды жасайды, кепілдемелер береді.

Кеңес мына әрекеттердің біріне ғана барады:

  • Егерде НК бұзғаны жөнінде ешқандай дәлелдер болмаса, ешқандай шара қолданылмайды.
  • Жазбаша сөгіс әр оқытушының жеке ісіне енгізіледі, осы құжаттың бір құрамдас бөлігі ретінде қала береді.
  • Оқытушыдан (студент) маманнан кәсіби медициналық-психологиялық көмек алуын талап етілсін.
  • Жұмыстан босатуға және оқудан шығарылуға ұсынылсын.
  • Тәртіпсіздіктің және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Комиссиясына немесе оқытушыға (студентке) жаза қолдану мәселесін қарайтын тиісті оқу құрылымына қажетті материалдар жіберілсін.

Кеңес шешімдерін қайта қарау

  • Кеңес шешімін алған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде декан атына жазбаша түрде апелляция туралы өтініш берілуі керек.
  • Жазбаша тапсырылған апелляцияда, алдын алған тыңдауда мәлім болмаған арнайы не кінәсін ақтайтын жағдаяттар келтірілуі керек.

Апелляция туралы өтініштер мына себептермен қарастырылатын болады.

  • Тексеріс барысында іс-шаралар қатарындағы қателер жіберілген.
  • Оқытушыда Кеңес мүшелерінің оған деген әдейі жазалауға пейілді екенін білдіретін нақты деректер бар (нәсілі, жынысы, діні, ұлты, дене кемшіліктері, жас, жыныстық бағдары, саяси көзқарасы немесе сенімдері негізінде жазаға тарту).
  • Бұрын есепке алынбаған, жаңа мәлім болған жағдаяттар.

Жұмыстан босатуға негіз болатын кепілдемелер

  • Деканат жазбаша түрде оқытушыға (студентке) жұмыстан босағаны не оқудан шығарылғаны туралы кепілдемелер жібереді.
  • Декан оқытушыға (студентке) жеті жұмыс күн ішінде жазбаша апелляция туралы өтініш жіберуге мүмкіндік бергенін нақты білуі керек.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Этикалық комиссияның құрамы:

Төрайым – проф.Мустафина Ж.Ғ. – Ректор Кеңесшісі

Мүшелер:

проф. Зазулевская Л.Я.

проф. Соколов А.Д.

проф. Тулебаев Қ.А.

проф. Досаев Т.М.

проф. Асимов М.А.

проф. Джумашева Р.Т.

Бегасилова М – юрист

Шыңғысбаев Л.С. – Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментінің директоры.

Асембеков С.Б. – Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі Басқарманың Бас маманы.

Курбатов А- председатель СҮБ.