С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2011 жылғы бітірушілерінің жұмыс орындарына бөлінуі және жұмысқа орналастырылуы туралы мәлімет




02.12.2011

Жұмыспен қамту және кәсіби өсу қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Білім беру гранттарын бөлу тәртібі туралы» №58 қаулысына және ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2011 жылғы бітірушілерінің жұмыс орындарына бөлінуі және жұмысқа орналастырылуы жөнінде мәлімет береді.

2010-2011 оқу жылында университетте 9 мамандық бойынша 795 студент білім алды. Оның ішінде грант бойынша – 608, келісім шарт бойынша – 187 студент білім алды.

31 интерн (оның ішінде 20 студент грант бойынша білім алған) қорытынды аттестациядан өте алмағандықтан университетте оқығандығы туралы анықтама беріліп, университеттен шығарылды.

Резидентура, магистратура және  PhD докторантураға оқуға түскен бітірушілердің саны – 172.

82 бітірушіге (оның 64-і грант бойынша білім алған) жұмыспен еркін қамтылу құқығы берілді.

682 бітіруші (оның іщінде 523-і грант б-ша білім алған) Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру мекемелеріне бөлінді.

2011 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 546 бітірушінің (80%) (оның 437-і (84%) грант бойынша білім алған) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы мекемелеріне жұмысқа орналасқандығы жөнінде мәлімет алынды. Факультеттер бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілердің ара салмағы №1 таблицада көрсетілген.

Таблица 1

2011-2012 оқу жылында университетті бітіретін студенттер жұмыс орындарына бөлу және жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтары бойынша Жұмыспен қамту және кәсіби өсу қызметіне хабарласуларына болады.

Ректорат ғимараты, 113-кабинет. Байланыс телефоны:  292-20-63 (115)

Мәліметті ұсынушы:  Жұмыспен қамту және кәсіби өсу қызметі.