С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Наурыз мерекесін» атап өтті




22.04.2014

 

2014 жылғы 19 сәуір күні университет шаңырағында«Әз-Наурыз» мейрамы аталынып өтілді. Мерекелік іс-шара ҚазҰМУ ректоры, профессор А.А. Ақанов пен ҚазҰМУ Бақылау кеңесінің төрағасы, академик Т.Ш. Шармановтың ректорат алдында орнатылған монументтің ашылу салтанатымен бастау алып, алғы құттықтау сөзді академикТ.Ш. Шарманов сөйледі. Мерекелік шарада Қазақ мемлекеттік қуыршақ театры «Наурыз думан» концерттік бағдарламасымен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Университетіміздің студенттік көркемөнерпаздар үйірмелері өз өнерлерін ортаға салды. «Дала сазы»  ұлттық аспаптар ансамблі жалынды күйлерімен, «Сoncordia» би ансамблі ерекше билерімен, жас әншілер әсем әндерімен қонақтарды қуантты.                                                       Университетіміздің шетел студенттері де ән шырқап, «Наурыздың» баршаға ортақ мереке екенін дәлелдеп, бірлігі жарасқан Қазақстанның жарқын келбетін көрсете білді.                                                                             Іс-шараға орай университет алаңында алтыбақан орнатылып, киіз үйлер тігілді.Оқытушылар мен студенттерге ұлттық тағамдарға толы дәмді дастархандар жайылып,ұлттық ойындар   және түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Барша қатысушылар дастарханнан дәм тәтіп, ойындарға қызыға қатысып, өз қуаныштарымен бөлісті.    Іс-шара соңы «Arena» алаңында студенттер мен қонақтарға арналған ҚазҰМУ ВИА «Сырттан» рок-тобының шығармашылық концертімен тамамдалды.