С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының атқарған іс шараларының жарты жылдықтағы есебі




18.06.2011

Осы жылдың үшінші тоқсанында Нутрициология кафедрасының оқытушыларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Қартаюға қарсы бағдарламаның» негізгі тармағының бірі «Қазақстан Республикасында остеопороз профилактикасының кешенді бағдарламасын жасау» ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақстанның солтүстік аймағынан Қарағанды, Павлодар, Петропавловск, Көкшетау, Қостанай облыстарынан және Орталық Қазақстаннан 1100-ге жуық жасы 40-85 аралығындағы ер мен әйелдерден сауалнама жүргізілді.

Сауалнама бойынша олардың нақты тамақтану жағдайы, жиілікті әдіс бойынша тамақтану деңгейі, халықаралық сарапшылар өңдеген өмір сүру сапасы, остеопорозға арнайы сұрақтар, антропометриялық зерттеулер, қанды жедел тексеру әдістерімен  холестерин, қандағы қант деңгейі, триглицеридтер, гемоглобин, биоматериалдар – шаш, қазақ ұлтынан ұрттан жағынды, сүйектің минералдық тығыздығын анықтайтын УД денситометр аппаратымен тобық сүйектері зерттелді. Солтүстік өңірде сонымен қатар дұрыс тамақтану дағдылары мен ұтымды тамақтану қағидалары жөнінде халықтың әртүрлі жас топтарының арасында дәрістер өткізілді.

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Салауатты тамақтану Орталығының» 15 тамыз 2011ж. №5-ші бұйрығына сәйкес нутрициология кафедрасы Алматы қаласы бойынша Салауатты тамақтану Департаменті болып қызмет атқарады. Онда кафедраның барлық мамандары қамтылған. Аталмыш бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамыту бойынша мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың және мектеп мұғалімдері мен бала-бақша тәрбиешілерінің ақпараттану деңгейін бағалауға және алиментарлық аурулардың алдын алуға бағытталған сұрақтар ескерілген сауалнамалар мен ақпараттық буклеттер жобасы, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістік материалдар жобасы дайындалды.

Осы бұйрық негізінде «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында халықтың әртүрлі топтары арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда. 1 қыркүйек – Білім күнінде Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің заң және экономикалық факультеттерініңжиналған 250-ге жуық 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында қазіргі заман адамдары және студенттердің тамақтану ерекшеліктері жайлы өте қызықты дәріс өткізілді. Дәрісте Хасенова Г.Х., Қожахметова А.Н. егеменді еліміздің болашақ заңгерлері арасында тағам қауіпсіздігі жөніндегі пайдалы кеңестерімен бөлісті.

8-10  қыркүйек аралығында  Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен «Балабөбек -2011» атты  IV Халықаралық  мамандандырылған көрмесіне  кафедра оқытушылары  үш күн қатысты.

Аналар мен емізулі аналарға, мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға, сондай -ақ болашақ аналарга да дұрыс тамақтану жөнінде тегін пайдалы кеңестер берілді. Кеңес беру барысында әсіресе  балалар арасындағы тағамдық аллергия, ерте жастағы балаларды тамақтандыру, кейбір артық салмақты аналардың денсаулыққа зиянсыз арықтауға байланысты жүзге жуық  аналардың көкейінде жүрген сұрақтарына  мамандар жауап берді. Сонымен қатар, мамандармен арнайы құрастырылған сұрақтар негізінде 186 ата- анамен сауалнама  жүргізілді. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар қамтылды:

  1. Сіз дұрыс тамақтана білесіз бе?
  2. Сіз балаңызға күнделікті әртүрлі жармадан ботқа дайындап бересіз бе?
  3. Сіздің ойынызша, баланы салауатты тамақтандыру арқылы аурудың алдын алуға бола ма?
  4. Сіз қалай ойлайсыз, фаст-фудтың бала денсаулығы үшін пайдасы бар ма?
  5. Сіздің балаларыңызда тағамдық аллергия бар ма?
  6. Сіздің пікіріңізше, сәби үшін ана сүтімен тамақтандыру маңызды ма?
  7. Салауатты тамақтану туралы қандай пайдалы кеңес алғыңыз келеді.

Сауалнамаға тартылған  адамдардың басым бөлігі салауатты тамақтану арқылы аурудың алдын алуға болатынын  90%-ы «ия» деп жауап беріп,  ақысыз кеңес берген мамандарға шексіз алғыстарын білдіріп, осындай өткізілген игі шаралардың жиірек болып, үнемі жалғасын тауып жатса деген тілектерін білдірді.

“ALExpo” көрмелік компаниясы кафедра қызметкерлерін «Балабөбек -2011» атты  IV Халықаралық  мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ДИПЛОМмен марапаттады.

4 курс Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының  студенттерімен 20 қыркүйекте «Салауатты тамақтану –денсаулықтың басты кепілі» тақырыбында білім сайысын өткіздік. Сайыс – Сен білесің бе ?, Кім тапқыр, Кім жылдам, Топ басшылар сайысы, жанкүйерлер сайысы арқылы 4 команда білім сынасты.

Сайыс барысында «Дәрумендер», «Фруттис», «Апорт» топтары жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсетіп, дұрыс тамақтану дағдыларын насихаттаудағы өз біліктіліктерін байқатты.

Сайыс барысында сайыс жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады. Осы сайыс жайлы Университеттің «Шипагер» газетіне мақала берілді.

Мақала  «Салауатты тамақтану – денсаулықтың басты кепілі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында «Саламатты тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаты жасалсын» деген тапсырмасы барша тағамтану мен адам денсаулығын қорғау жолында тынбай еңбек ететін дәрігерлер қауымына үлкен міндет қойып отыр. Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асыруда «Салауатты тамақтану орталығы мен нутрициология кафедрасының»  атқарып отырған шараларының айғағы ретінде ұйымдастырылған «Салауатты тамақтану – денсаулықтың басты кепілі» атты студенттер арасындағы сайыс дәлелдеді.

«Бірлік пен ерлік егіз» демекші Қоғамдық Денсаулық Сақтау мамандығының 4 курс студенттері өз білімдері мен тапқырлықтарын ұштастыра отырып, сайысты қызықты да әсерлі өткізді.

Сайыс «Таныстыру», «Кім тапқыр», «Кім жылдам», «Сен білесің бе?», «Капитандар сайысы» сияқты жарыс сындарынан тұрды.

Сайысқа қатысқан 002-8 «Дәрумендер» тобы, 004-2 «Апорт» тобы,

002-1 «Fruits» тобы «Сен білесің бе?» айдарында асқабақ, авокадо, алманың сиқырлы сырларын ашып, тағамдық пайдасы жөнінде толығырақ сипаттап, әділқазыларға шырын ұсынып, дәм татқызды. Әсіресе «Апорт» тобы, Қызыл кітапқа енгелі тұрған Алматының апорты туралы тарихи жағдайларды қозғап, қазақ еліне ғана тән осы апорт алмасын сақтауға байланысты жасалып жатқан шараларды баяндап берді. Барша көрермендердің ризашылығына бөленіп, әрбірінің көкейіне ой ұялатты. «Тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің мәнін келтіреді» дегендей,  «Кім жылдам» сайысында әр топтың мақалшылары тағам, ас туралы тұрмыста сирек қолданылатын мақал-мәтелдерін жарыстыра айтысты.  Сайыстың соңғы сатысы жемістер ассортиін жасаған барлық командалардың бірі көкөністердің өзінен пайдалы жеміс-көкөніс себетін ойып жасаса, келесілері көздің жауын алатындай апорттың бейнесін жасап,  олардың емдік шипалы қасиеттері жөнінде әділқазылар мен көрермендерге мол мағлұмат берді.

Бүгінгі сайыс студенттердің осы пәннен алған білімдерін пысықтап, жан-жақты жетілдіріп, тәлім-тәрбиелік және танымдық сайыс түрінде естерінде мәңгі қалатындай әсерлі өтіп, барша студенттер мен оқытушыларды бір серпілтіп тастады. Осындай таза қазақ тілінде өткен мұндай шаралардың дәстүрге айналуы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп қоймай, салауатты тамақтанудың қыр-сырын тануға, егеменді еліміздің еңсесін көтеретін жастарымыздың жаңа инновациялық білім бағдарламаларын еркін меңгеруіне қосар үлесі орасан зор.

Сайыс соңында барлық қатысушылар әділқазылардан әділ бағасын алып, түрлі сыйлықтармен марапатталып, Салауатты тамақтану орталығының директоры Қайнарбаева М.С. студенттерге салауатты тамақтануды насихаттаудағы еңбектеріне табыс пен сәттіліктер  тіледі.

Ал студенттер қауымы аты әлемге танылған Т.Ш.Шарманов басқарып отырған ұжым оқытушылары доцент Хасенова Г.Х., аға оқытушы Қожахметова А.Н., Сукенова Д.А. және Профилактикалық медицина академиясының жанынан құрылған Салауатты тамақтану Орталығының жас мамандарының ұйытқы болуымен өткізіліп отырған осындай игі шаралардың жалғасын тауып, ұйымдастырушыларға өз еңбектерінің жемісін көруді тіледі.

ҚДС 4 курс студенттері           Асанбекова М., Әбділда Ғ., Штабаева А., Козбахова Г.

Есеп беру мерзімінде кафедра оқытушыларының бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы берілген сұхбаттары:

Аты жөні Телеарна, бағдарлама Тақырыбы
1. Сукенова Д.А. 31телеарнасы, «Бауырсақ» Киви
2. Хасенова Г.Х. 31телеарнасы, «Бауырсақ» Авокадо
3. Қожахметова А.Н. Қазақстан телеарнасы «Іске сәт» Сырттан әкелінген алмалар сапасы
4. Хасенова Г.Х. Хабар арнасы «Бәрінен де маңызды» Тағамдық аллергия
5. Қожахметова А.Н. Хабар арнасы «Бәрінен де маңызды» Көз көруін жақсартатын тағамдар
6. Сукенова Д.А. Қазақстан» телеарнасы «Халық таңдауы» Балмұздақ
8. Қожахметова А.Н. Қазақстан» телеарнасы «Халық таңдауы» Фаст фуд тағамдары
9. Ли М.В. Газета «Комсомольская правда» 14 сентября 2011г. Вегетарианс

12-13 қазанда өтетін «Салауатты тамақтану денсаулық кепілі ретінде» атты Халықаралық конференцияға «Салауатты тамақтану ұзақ ғұмыр кепілі» тезисі мақалалар жинағына тезис берілді.

13 қазанда «Салауатты тамақтану денсаулық кепілі ретінде» атты Халықаралық конференцияға келетін аймақтық Салауатты тамақтану Департаментінің мамандарына кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен Салауатты тамақтануды насихаттаудың шебер класын өткізді. Бұл сайысқа ҚДС 4 курс студенттерінің «Тамақтану пирамидасы», «Цитрус», «Дәрумендер» тобының қатысуымен сайыс өткізілді.

Алдағы уақыттағы жоспарымыз 16 қазан –Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша 16 – 27 қазан аралығында онкүндік өткізуге орай Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірге Алматы қалалық білім беру Департаментінің бастығы Р.С.Шимашеваға мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дұрыс тамақтануды насихаттау мен дағдыларға бейімдеуге бағытталған дәрістер, ашық сабақ, сынып сағаттарын өткізуге, төменгі сынып оқушыларына диктант жаздыру мақсатында хат жобасы жолданды.

17 қазанға дейін аудандық жалпы білім беретін мектептерде департамент мамандарының ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану» тақырыптарына 15 минуттық дәрістер оқылады.