С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ОРЫНДАҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПAРА Т




25.01.2012

(2011 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде)

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ өз  жұмысын

мына нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

–  Кәсіподақ жарғысы;

–  Ұжымдық келісім шарт;

–  Университет қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау бағдарламалары;

–  Кәсіподақ мүшелеріне сондай-ақ ҚазҰМУ кәсіподағымен байланысын үзбеген жұмыс істемейтін  зейнеткерлерге материалдық көмек көрсету туралы ережелер;

–  Әлеуметтік, мәдени-бұқара және спорт-сауықтыру шараларының жоспарлары.

 

С.Ж. Асфендияров атындағы кәсіподақ комитетінің негізгі міндеттері:

1. ҚазҰМУ кәсіподағы мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін қорғау;

2. Материалдық (қайырымдылық) жәрдем көрсету;

3. Мәдени-бұқара және спорт-сауықтыру шараларын өткізу;

 

1.«ҚазҰМУ мүшелерінің  еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау» бабына сәйкес қызметкерлер кәсіподағының міндеттерін орындау шеңберінде мынадай жұмыс көлемі орындалды:

–  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тест орталығы қызметкерлерінің жазбаша тапсырылған өтінішіне орай  нормасынан артық істеген уақытына еңбек ақы есептелуі туралы оң жауап алды.

–  Қызметкерлерді басқару бөлімі бастығының өтініші бойынша Кәсіподақ комитеті «Денсаулық сақтауда, фармацияда менеджмент және маркетингі» кафедрасының менгеруші К.Ш. Сыздыкованың аттестациядан өтпеу және қызметінен босатылғаны жөнінде сотта қаралған іске қатысты.

–   Кәсіподақ мүшелері  қызметкерлердің заңсыз жұмыстан босатылуымен, лауазымынан түсірілуіне байланысты түскен шағымдарына орай құрастырылған комиссиялар құрамына қатысты.

–      Университет әкімшілігімен бірлесіп кәсіподақ комитеті «Әлеуметтік мәселелер», «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау», «Мәдени-бұқара және спорт-сауықтыру» бойынша комиссияларды құрып, белсенді жұмысын  қамтамасыз етіп келеді.

–    Кәсіподақ комитетінің мүшелері Алматы қаласының кәсіподағы және «Парасат» ҚР Алматықалалық білм және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған  «Еңбекшілерді қорғаудағы кәсіподақтар ролі» және «Ұжымдық шарттың негізгі ережелерін сақтау және орындау» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2.  «Университет қызметкерлерін  әлеуметтік  қолдау» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында қызметкерлерді профилактикалық бақылаудан  өткізу үшін ҚазҰМУ Білім беру- клиникалық орталығымен келісімшарт жасалды, кәсіподақ бюджетінен оған- арнайы есеп шотына 1400 000 тенге аударылды.

Оқытушылар құрамасын  ағылшын тіліне оқытуға  материалдық жәрдем ретінде кәсіподак бюджетінен  «ALGA SOLUTION» ЖК  636000 тенге аударылды.

3. Университет қызметкерлеріне кәсіподақ шығын сметасына сәйкес материалдық  (қайырымдылық)  мына бағдарлар бойынша көрсетілді:

–  Қызметкерлер балаларын демалыс лагерінде сауықтыруға- 40 000 тг;

–  Санаторлық-курорттық емдеуге –801 240 тг;

–  Денсаулығына байланысты – 850 000 тг;

–  Қызметшілер материалдық  жағдайын  оңалтуға– 2 484 446 тг;

–  Жақын туысы өліміне орай –844 800 тг;

–  Қызметкерлердің мерейтойына орай- 173 472 тг;

–  Халықаралық  қарртар күніне орай –627 900 тг;

–  ҰОС және еңбек ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында-451 689 тг;

–  Интернацианалист жауынгерлерге –30 000тг;

 

4.Мәдени-бұқаралық  шаралар өткерілді:

–  Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға-  1 464 540тг;

–  Наурыз мейрамын ұйымдастырып өткізуге – 281 952 тг;

–  «Медицина қызметкерлері» күніне  бір күндік демалысты ұйымдастыру– 1 263 000 тг;

–  Жаңа жыл шараларын ұйымдастыруға – 3 777 091 тг

–  Университет ардагерлеріне Жаңа жылда материалдық комек ретінде 50 000 теңге және 32000 теңгеге  сыйлықтар

–  Концерттік бағдарламалар билеттерін алуға – 46 000 тг;

–  Факультетаралық және VI жоғары оқу орындары арасындағы спартакиаданы өткізуге – 57 000 тг.

–  «Медицина қызметкерлері» күніне  және ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің коллегиясына арналған мерекелік концертке – 522 600 теңге

–  Библиотека күніне орай мерекелік дастархан және грамотамен марапаттау-15700 теңге

5.Қатысу:

–   «Университет күндеріне» орай  Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияны өткізуге (университет логотипі бар сувенирлік өнімдер және т.с.с.) кәсіподақ бюджетінен – 449 730 тг жұмсалды;

–  ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты Кәсіподақ комитетімен  ең ұздік құрылым бөлімшілеріне  647 945 теңгеге бағалы сыйлықтар алынды;

–  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  логотипімен безендірілген товарлар, баннерлер,мозаикалық сүрет, ғылыми-практикалық конференцияларға бағдарламамен сертификаттар дайындауға  – 433 500 теңге бөлінді;

–  Сондай ақ «Медицина қызметкерлері» күніне  орай Менеджмент жүйесінің сапасы бөлімінің ішкі аудиторларды марапаттау және кофе-брейк ұйымдастыру үшін –214 835 теңге бөлінді;

–  «Мемлекеттік тіл- менің тілім» фестивалі және «Ана тілі аруы-2011», «Екі жұлдыз» атты конкурстарға 122 230 теңге бөлінді;

–  2011 жылдың тамыз айында  өткен профессорлар мен оқытушылардың «Жаңа 2011-2012 оқу жыл: міндеттер мен келешектер» атты конференциясына кәсіподақ комитеті  208 500 теңге бөлді;

–  Күрделі жөндеуден өткен университет ғимараттарды ашу салтанатына 106 344 теңге бөлінді;

6.Бөлінімдер.

– «Парасат» ҚР Алматықалалық білм және ғылым қызметкерлері кәсіподағына 1% мүшелік жарна- 249 760 тг;.

– Алматы қаласының Кәсіподағы 4% мүшелік жарна – 280 000 теңге

-Салық (зейнеткерлік жарналар, кіріс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік бөлінімдер) –1 023 396 теңге;

–  Банк атқарған қызметке – 104 610 теңге;

– «Беисова»ЖК орындаған тапсырмалары үшін – 4 021 371 теңге

– Кәсіподақ комитетін қамтамасыз ету (кенсе тауарлары, шығын материалдары, есепшінің жалақысы және т.б.) – 600 500 теңге.

ҚазҰМУ қызметкерлері кәсіподағының ізденуі бойынша Алматы кәсіподақтар одағы, «Парасат» ҚР білім және ғылыми қызметкерлерінің Алматы қалалық кәсіподағы және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- дың кәсіподақ комитетінің грамоталарымен 55  қызметкер марапатталды.

Жарғы мақсаттарына сай «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУқызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бап 2,3.,2,4.) кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы.

Кәсіподақ кәсіпкерлігіне келген түсім жарғылық мақсаттарға  сондай-ақ қайырымдылық акцияларына жұмсалады.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кенесі шешіміне сәйкес  №2 ғимаратта кәсіподаққа бөлме берілді және әлеуметтік бағдарланған университет логотипі бар кенсе тауарларын және көшірме қызметін атқаратын «Қамқор» дүкені ашылды.

 

Әлеуметтік бағдарланған «Қамқор» дүкені есебінен көрсетілетін қайырымдылық (әлеуметтік) жәрдем  бағдарлары:

–  Жеңіс күні қарсаңында ҰОС және еңбек майданы қатысушыларына -218 220 тг;

–  Халықаралық қарттар  күніне орай – 120 000 тг;

–  Медицина қызметкерлері күніне орай -87 450 тг;

–  Халықаралық 8 Наурыз әйелдер күніне -353 900 тг;

–  Наурыз мейрамы күніне – 212 000 тг

–  Қызметкерлер мерейтойларына-125 000 тг;

–  Қызметкерлер және олардың жақын туыстарының қайтыс болуына орай-30 000 тг;

–  Ғылыми-практикалық конференциялар, университет құрылымдары өткізетін түрлі конкурстарға  университет логотипі бар алуан түрлі сувенирлік өнімдерге- 801 885 тг;

 

Барлығы 2011жылы кәсіподақ комитеті есебінен жұмсалған қаражаттың сомасы 26 228 606 тг, соның ішінде:

  • Кәсіподақ бюджеті есебінен -24 280 151 тг;
  • Әлеуметтік бағдарланған   Қамқор дүкені есебінен – 1 948 455 тг;

 

Кәсіподақ төрағасы                                             Датхаев У.М.

Отчет