С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 11 мың студенті және 2,5 мың ПОҚ ұжымы жемқорлық үшін жабылған әділетсіз жалаға қарсы




15.11.2011

14 қарашада сағат 12.00-де С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Төле би, 94) Даңқ залында ҚазҰМУ студенттері және профессорлар-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті.

9 қараша күні Қазақстан студенттерінің тәуелсіз қозғалысы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында 31 қазан және 7 қараша аралығында еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-да жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесін жариялаған болатын. Осы мәліметтерге сәйкес, «ең маңызды проблема ретінде студенттер ЖОО-ғы жемқорлықты атаған». Сонымен қатар, 11 ЖОО-ның 1100 студенті қатысқан әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, еліміздегі сыбайлас жемқорлық жиі орын алатын ЖОО болып С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті аталған. Бүкіл ғұмырын медицина саласына арнаған тұлғалардың ар-намысына дақ түсіріп, республикамыздағы ең көне ұлттық ЖОО атына таңылған жала айыптауларға студенттер мен ПОҚ наразылығын білдіруде. Қазіргі уақытта ЖОО-ның барлық студенттері мен ПОҚ жала жапқандарды жауапкершілікке тартуды талап ету үшін қол таңбаларын жинап үлгерді.

Баспасөз конференциясына 150 жуық ПОҚ өкілдері мен 200 астам студент қатысты. Сондай-ақ, баспасөз конференциясына Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің, Алматы Технологиялық университетінің студенттерінің өкілдері және Алматы қаласы студенттері альянсының басшылары атсалысты.

Баспасөз конференциясына келесі БАҚ өкілдері қолдау көрсетті:

Телеарналар: «Мир», «31 арна», «7 арна», «ОРТ-Евразия», «Таң».

Мерзімді баспалар: «Литер», «Казахстанская правда», «Время»,

Ақпараттық агенттіктер: «Қазинформ»

Қазақ радиосы

Іс-шара барысында ПОҚ және студенттердің мынадай үндеулері оқылды:

 

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

 

Біз, ҚазҰМУ-дың 11 мың студенті атынан Қазақстан студенттерінің тәуелсіз қозғалысы жариялаған әлеуметтік сауалнаманың дәйексіз нәтижелерімен мүлдем келіспейтіндігімізді хабарлаймыз

Еліміздігі ең көне ұлттық жоғары оқу орнының ар-намысын таптаған бұл мәлімдемені біз жалған және өтірік деп есептейміз.

Біз биылғы жылдың 31 қазан және 7 қараша күндері аралығында ҚазҰМУ студенттері арасында жемқорлыққа және білім сапасына қатысты ешқандай әлеуметтік сауалнаманың жүргізілмегенін жауапкершілікпен растаймыз. Осыған байланысты, 9 қарашада кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әлеуметтік сауалнама нәтижелері бұрмалау болып табылады.

Біз Алматы қаласының өзге жоғары оқу орындарының студенттерін бірігуге шақырамыз және баспасөз конференциясын өткізуге дайынбыз.

Біз дәрігер мамандығын таңдадық әрі еліміздегі ең үздік медициналық оқу орнының студенттері екендігімізді мақтан тұтамыз және өз университетіміздің атына негізсіз жаланың жабылуына жол бермейміз.

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ПРОФЕССОРЛАР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ҮНДЕУІ

 

Біз, ҚазҰМУ-дың профессорлар-оқытушылар құрамы Қазақстан студенттерінің тәуелсіз қозғалысы жуырда кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында біздің ЖОО-да жемқорлық 96% құрайды деп жариялаған әділетсіз ақпаратпен мүлдем келіспейміз.

Барлық профессорлар-оқытушылар құрамы атынан, біздің университетте сыбайлас жемқорлыққа және күштеп алуға жол жоқ екендігін жариялаймыз.

Мұны бүкіл ғұмырын медицина саласына және халық денсаулығын сақтауға арнаған тұлғалардың ар-намысына дақ түсіріп, бүкіл ұжымға топырақ шашу деп санаймыз.

Біз үзілді-кесілді қарсылығымызды білдіреміз және айтылған айыптауларды жоққа шағарамыз.

Біздер үшін – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы үшін өмірде ең бастысы – медицина және студенттерді әлемдегі ең адамгершілікті мамандыққа баулу. Сондықтан біз үшін қара шаңыраққа айналған университеттің атына ешкімнің кір келтіруіне мүмкіндік бермейміз.

Білім сапасына келер болсақ, ҚазҰМУ медициналық білім берудің біліктілік-хабардарлық бағытқа негізделген өзіндік моделін әзірлеп шықты.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – бұл:

– еліміздің ең көне университеттерінң бірі – ол тек қана елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал брендке айналған;

– халықаралық стандарттар деңгейінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы көшбасшы;

– денсаулық сақтау және фармация саласындағы ғылым мен алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы;

– үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінің көшбасшысы;

– білім беру инновациясының орталығы;

– корпоративті этика көшбасшысы;

– денсаулық сақтау жүйесіне сенім қалыптастыру орталығы;

– денсаулық сақтау  және білім беру саласындағы аталып өткен еңбектері үшін ұлттық университет мәртебесіне лайық.

Біз медициналық білім берудің біліктілік-хабардарлық бағытқа негізделген өзіндік моделін әзірлеп шықтық, бұл отандық медицина білімін әлемдік талаптар деңгейіне шығарады.

Және де болжамды жоспарлар бойынша көптеген істерді атқаруды көздеп отырмыз. Университеттің қызметкерлері мен студенттерінің ұйымшыл ұжымында өзекті әрі маңызды мәселелер аяқсыз қалып қоймайды.

Біздің университетте студенттік өзін-өзі басқару қалыптасқан, бұл студенттердің университет өміріне жан-жақты араласуына мүмкіндік береді.

Студенттер арасында көптеген мәселелер бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отыратын сауалнама қорытындыларына сәйкес, студенттердің басым бөлігін білім беру сапасы мен университеттегі шаралардың күйі қанағаттандырады.

Қазақстан студенттерінің тәуелсіз қозғалысы жүргізген сауалнаманы әлеуметтік зерттеу деп атау да қиын, өйткені оны әлеуметтік теория және практиканың көпшілік қабылдаған талаптарымен салыстырмақ түгіл, ол, тіпті, қарапайым студенттік жұмыстың талаптарына да сәйкес келмейді.

ЖОО оқытушыларының атына жабылған бұл өтірік пен жала рухани-адамгершілікті тәртіпсіздік қатарына ғана емес, әкімшілік жазаланатын әрекеттер тобына да жатады.

Біз барлық ЖОО-ның профессорлар-оқытушылар құрамдарына құрметпен қараймыз, сіздердің жалпы еңбектеріңізді бағалай отырып, педагогикалық қоғамға жала жапқан айыптыларды жауапкершілікке тартуға шақырамыз.