С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2012 жылы 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өткен, «Отбасы денсаулығы және 21 ғасыр» XVI халықаралық конференцияға қатысты




07.05.2012

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті  2012 жылы 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өткен, «Отбасы денсаулығы және 21 ғасыр» XVI халықаралық конференцияға қатысты.   Конференцияда Ресей және Қазақстанның 15 қалаларының ғылыми және тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарының  өкілдері қатысты.   ҚазҰМУ ректоры проф. А.А.Акановтың атынан конференцияның ұйымдастыру комитетінің атына амандасу хатпен профессор У.И.Кенесариев шығып сөйледі. Сонымен қатар ҚазМУ атынан конференцияға қатысушылар проф. Сарсенбаева С.С., проф. Мусаев А.Т.     4 күн ішінде медицинаның, білім берудің, тәжірибелік денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған РҒА, МҒРА (Мәскеу қ.) академигі В.А. Черешневтың 2 дәрістері,  30 баяндамалар тыңдалды.

БСЗБ және МБРҒН орталығының директор, м.ғ.д. Сарсенбаева С.С.  «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі медициналық білім берудегі жаңа парадигма» тақырыбында конференцияның қатысушыларының қызығушылықтарын және көптеген сұрақтарын туғызған, баяндамасымен шығып сөйледі.