Семейден алған әсерлер




05.05.2011

Білім және тәжірибе алмасу мақсатында академиялық белсенділік жобасына сәйкес үстіміздегі жылдың 9 сәуірінен 16 сәуір аралығында  біз, жалпы медицина факультетінің 2 курсының 09-001-01 топ студенттері және  ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушысы  М.О.Ахметованың жетекшілігімен Семей мемлекеттік медицина университетінде болдық.

Семейлік әріптестер СММУ оқытушылары мен студенттері бізді ерекше ілтипатпен қарсы алды. Бір апта бойы семейлік студенттермен әңгімелесіп, арқа-жарқа бас қосып, олардың білім алу, мәдени және тұрмыстық жағдайына етене араластық.

Семейден алған әсерлер

Жалпы медицина факультетінде 2 курс бойынша біздің 09-001-01 топ оқу білімділігімен, университеттің қоғамдық өміріне араласу белсенділігімен «Үздік топ» болып табылғандықтан, жалпы медицина факультеті Семей медицина университетіне баруға біздің топ студенттерін  лайық  деп  шешті.

Медициналық ЖОО арасында студенттер  алмасуының  негізгі  мақсаты студенттердің университеттер арасында  білім беру  жүйесімен  танысу болды. СММУ-дың ректоры,  профессор Т.Қ.Рақыпбеков бізбен  танысып, университет тарихы туралы, білім беру  жүйесі мен  жеткен  жетістіктері жайлы бізге  мағлұмат  беріп,  психологиялық тренинг өткізді. Бұл  тренинг   тәжірибемізді шыңдатуға  үлкен жол ашылды.

Университет студенттері, жалпы медицина және педиатрия факультетінің деканы А.А.Алимбаева бізді  жылы  шыраймен  қарсы  алып, өздерінің  қонақжайлылығын  жатақханада көрсете  білді.

Академиялық белсенділік жобасына сәйкес СММУ-дің жалпы медицина факультетінің 2 курс 202 топ студенттерінің сабақ кестесіне сай кафедралардың сабақтарына қатыстық. Біздің топтың  студенттері сабақ  барысында жан-жағынан  өздерінің  білімін, тапқырлығын  және ұйымшылдығын  көрсете  білді. Университетімізде  білім беру ісі аса жоғарғы   дәрежеде жүргізілетінін  дәлелдеп, абыройын асқақтаттық десек артық айтпағанымыз.

СММУ-мен танысу барысында жарты ғасырлық тарихы бар  университет мұражайында болдық. Мұражайда біздің университетіміздің студенті болған қазақтың батыр қызы  Мәншүк Мәметовадан қалған естеліктер бізге ерекше әсер қалдырды.

Бұл медициналық ЖОО-ның арасында өзара бірінші рет студенттер арасында тәжірибе және білім алмасуы болды. Бұл жоба барысында ҚазҰМУ-дың  білім және тәжірибе беру деңгейі жоғары екендігіне көзіміз жетті. Біз осы университетте білім алып жүргенімізді мақтан тұтамыз!

Жалпы медицина факультетінің 2 курс 09-001-01 топ студенттері