Соғыстың отты жолдары




17.04.2015

Соғыстың отты жолдары

 

16.04.2015ж   С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай «Соғыстың отты жолдары» атты поэтикалық кеш өткізілді.

Жалпы медицина және стоматология  факультеттерінің 1-курс студенттері соғыс туралы қазақ және орыс тілдерінде өлең оқыды,соғыс жылдарының әндерін орындады, «Землянка» әнін сахналап, «Соғыс жылдарының ақындары» атты презентация көрсетті.

Ұйымдастырушылар: Этикалық кеңес («Тағзым») , орыс тілі кафедрасы.

Модераторлар: орыс тілі кафедрасының оқытушылары Искакова Н.А., Бердалиева Т.К., Оспанова Ж.А.

Ректордың кеңесшісі, профессор Мұстафина Жанар Габиденовна «Соғыс жылдарындағы мәдениет және өнер қайраткерлері» тақырыбына, аға кітапханашы Яшенкова Т.В. соғыс жылдарының әдебиеті жайлы, аға оқытушы Бердалиева Т.К. патриоттық поэзия және Ұлы Отан Соғысы жайлы әндер тақырыбына сөз сөйледі.

Фотоэкспозициялар,  бейнежазбалар, соғыс тақырыбындағы стендтер, кітаптар көрмесі, рефераттар және эсселер назарға ұсынылды.