«Сoncordia» театрында студенттер Алматы қ. Дін істері жөніндегі өкілдерімен кездесті




24.02.2014

2014 жылғы 20 ақпан күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен және тьюторлардың қатысуымен университеттің «Сoncordia» театрында «жалпы медицина» факультетінің студенттері Алматы қ. Алмалы ауданы  Ішкі саясат бөлімі мен Алматы қ. Дін істері басқармасы өкілдерімен кездесті.

Жиын қонақтары: Алматы қ. Алмалы ауданы  Ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ерманова, Алматы қ. Дін істері басқармасының бас маманы Р.Дурсунов, Алматы қ. «Тастақ» мешітінің бас имамы И. Кенжалы.

«Сoncordia» театрына жиналған студенттер дін қызметкерлеріне маңызды сұрақтарын қойып, керек мағлұматтарын алды. Жиын қонақтары қазіргі уақыттағы кері ағымдардан сақтану, ол үшін ең алдымен білім керектігін айтып өтті.

Кездесуде студенттерге дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану туралы арнайы бейне-фильм көрсетілді. Көрсетілімнен соң, студенттер нақты сауалдарымен қонақтармен талқылау жұмыстарын жүргізді.

Әсіресе қонақтар жастардың университетте білім алуға ұмтылуды, уақытын пайдалы өткізуді, ата-ананы қадірлеуді, елінің патриоты болуды,ғасырлардан жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыздың дәстүрлерін құрметтеуді насихаттады.

Жиын соңында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаев қонақтарға университет ұжымы атынан алғысын білдірді.