ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ!» «ПОМНИМ И ЧТИМ!»




05.10.2015

                                         ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ

                                      «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ!»   «ПОМНИМ И ЧТИМ!»

 2015 жылдың 1 қазанында орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы З.Қ.Көкенова, доц. Г.М.Чумбалова, филология магистры И.В.Котлярова   Ұстаздар және Қарттар күніне арналған «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ!»   «ПОМНИМ И ЧТИМ!» атты факультетаралық музыкалды-поэтикалық іс-шараны университеттің  аренасында сағат 12.30 -13.30  өткізді. Іс-шараның қатысушылары ЖМ, МПІ факультеттерінің  қазақ пен орыс бөлімшелерінің және ағылшын тілде оқитын 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты  1 курс студенттерінің атынан университет оқытушыларын және зейнеткер ұстаздарды олардың кәсіби мерекесімен құттықтау, «Ұстазға – тағзым» «Помним и чтим» тақырыбындағы ұстаздарының еңбегін құрметтеуге арналған музыкалды-поэтикалық композиция ұсыну.

Арена түрлі түсті шарлармен безендірілген, аренаның жоғары жақтарындағы қабырғаларына  «Ұстазға – тағзым» «Помним и чтим» деген плакаттар, ал сахна жанында да сондай стенд орналасқан. 1 қазанда ауа райы да тамаша болып, күн жарқырап, сәулесін төгіп тұрды. Бұл шараның ерекшелігі екі мереке қос өтті. Университеттің қадірлі ақсақалдары, құрметті еңбек ардагерлері, медицина ғылымының докторлары мен ұлағатты ұстаздары келіп, 1 курс студенттері барша ұстаздарға дайындаған  музыкалды-поэтикалық композицияны үш тілде паш етті:  Махсотов Бақытжан –  өзі жазған өлеңі «Ең алғаш әріптерді сыялатқан…»;

Кенешбек Дана – «Вы нас окружаете лаской, вниманьем…»;

Кертаева Балнур, Жұмабек Айжан – «Thank you, teacher!»;

Сапатаева Әел – «Вслушайтесь сердцем»;

Жұмадилла Сымбат – «Ұстаз»;

Кертаева Балнұр, Жұмабек Айжан – «Любимый Учитель! Мы Вас поздравляем…»;

Қоныс Ұлбосын – «Ұстазым»; арнайы өлеңдерін, (арасында өздері жазған өлеңдері де бар, мысалы  1 курстың 15-11-2 топ студенті Махсотов Бақытжанның «Ұстазым менің асыл оқытушым!», 15-15 Дәулет Қалыбек, 2 курстың студенті Қуатбек және т.б.), Сапатаева Әсел, Досмантай Бағдат, Теберікова Арайлым, Мәдиярбеков Темірлан ұстаздарға арналған «Ардақты ұстазым», «Ұстазым», «Ұстазым – менің ұстазым» деген бірнеше ән шырқап берді. Ән айтылған кезде кейбір қонақтар көңілді отырып, ризашылығын білдіріп, 1 курстың студенттерімен бірге сахнаға шығып би биледі.   15-11-1  15-11-2 топ студенттері  өздері әзірлеген Ұстаздарға алғыс» флешмобты ұсынды.

Бұл іс-шараның соңында студенттер ұстаздарымен бірге  университеттің «Ұстазыма» монументіне гүлдерді салтанатты түрде қойды.

Құрметті қонақтарды, еңбек ардагерлерін университеттің асханасына жайылған дастарханға ертіп апарып, Сапатаева Әсел, Досмантай Бағдат, Теберікова Арайлым, Мәдиярбеков Темірлан ұстаздарға арналған бірнеше ән шырқап берді және құрметті зейнеткер ұстаздармен бірге олардың қалауы бойынша қазақ пен орыс тілдерінде ән айтты.

            Бүгін қандай нөсерлі күн, желді күн,

Көңіл шіркін көрсетеді кеңдігін.

Еркеледік, ұстаздарға мектепте,

Туар ма екен сондай шіркін, енді күн.

 

Ендігіде еркелейміз сіздерге,

Мейіріммен қараңызшы біздерге,

Орыс тілі ұстаздары бар кезде,

Қорықпаймыз ызғардан да, күзден де,

Тірек болар екі ұстаз бар кезде,

Әлі талай шығамыз ғой жүз белге.

 

( Автор Махсотов Бақытжан  – ЖМ 1 курс  15-11-2 топ студенті )

 

 

 

Орыс тілі кафедрасы