Үстел теннисінен жарыс өтті.




12.02.2013

Ақпан айының 10 күні ҚазҰМУ Спорт кешенінде Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының ұйымдастыруымен, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің  қолдауымен,ҚазҰМУ-дың кәсіподақ ұйымының көмегімен«Денсаулық жылына» арналған ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа тоғыз команда қатысты. Соның ішінде: ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, ҚазХҚжӘТУ,  ҚазККА, АТУ, ҚазМҚПУ, Д.А.Қонаев атындағы Университет, ҚазҰМУ құрамы.                                                                                                                                      Алғы сөзбенСтуденттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің директоры Шыңғысбаев.Л.С.  жарысты ашық деп жариялап, қатысушыларға сәттілік тіледі.Жалғасы ретіндеҚазҰМУ Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының меңгерушісінің аға оқытушысы  Анар Шапақызыөз тілегін білдіріп, ҚазҰМУдың жалпы медицина мен тіс емдеу факультетінің 1-2 курс студенттері өздерінің қысқаша концерттік бағдарламаларын тарту етіп, сайысқа келген қонақтарды қуантты.

Жарыстың өткізілуі және шарттарын бас төреші Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының оқытушысы Бүткей Сәбит түсіндіріп болғаннан соң, сайыс өз қарқынымен бастау алды. Әрине әр комаданың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болды. Майталмандар өз біліктіліктерін көрсетуге тырысып бақты. Дегенмен жарыс ережесі бойынша араларынан мықтылары анықталуы керек еді. Топтық кезеңнен соң, тартысқа толы финалдық ойындар өтті.                                                                                                    Үстел теннисі жарысының қорытындысы бойынша 1 орынды Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік Коммуникациялық Академиясының оқытушылары мен қызметкерлері иеленді. 2 орын Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне бұйырды. Ал үшінші орынға С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті марапатталды. Ең үздік ойыншы ҚазҰМУ қызметкері Ермұрзаев.А.М атанды. Жеңіскерлерге медаль мен кубок беріліп, сыйлықтар табысталды. Жарыстың өтуі қатысушылардың көңілінен шығып, соңы естелікке топтық суретке түсуімен аяқталды.