Студенттер үйінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы талқыланды




05.02.2013

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаменті және Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану және саясаттану модулі оқытушыларының ұйымдастыруымен 4-ші ақпан күні №7 студенттер үйінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауыды талқылау мақсатында жиын өткізілді. Аталған жиынға стоматология факультеті, медико-профилактикалық іс және фармацевтика факультеттерінің студенттері, декан орынбасарлары қатысты. Модуль меңгерушісі Ғ.Т. Рсалдина баяндама жасады. Баяндамада, Жолдаудың негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасының даму жолындағы атқарытуға тиіс шаралар жөнінде сөз болды. Студенттер Жолдау бойынша өз пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты.