«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көзқарасы»




28.05.2012

2012 жылдың 25 мамыр күні сағат  14:30-да жалпы гигиена  және  экология кафедрасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  студенттердің көзқарасы» тақырыбында жалпы медицина және медицина профилактикалық іс  факультетінің  1 және 3 курс студенттері  арасында  дөңгелек  үстел өткізілді.

Бұл іс-шараға ректордың кеңесшісі профессор Ж.Г.Мустафина,кафедра меңгерушісі профессор У.И.Кенесариев,студенттердің әлеуметтік-мәдени  құзыретін қалыптастыру басқармасының  жетекші маманы Г.М. Акчина, жалпы медицина факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары С.А.Ниязбеков, кафедраның аға кураторы Г.А. Бегимбетова қатысты.

Дөңгелек үстелді кафедра  меңгерушісі,  медицина  ғылымының  докторы, профессор

У.И Кенесариев ашты. Осы  өткізілген  дөңгелек  үстелдің  мақсатына  тоқтала  келе, жемқорлыққа қарсы  күресу  үшін өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың, халықтың идеологиясын, ойлауын өзгерту керектігін  айтып  өтті. Алғашқы  сөзін  қорытындылай  келе  студенттерге  жоғарғы деңгейде  білім мен  тәрбие  беріп, жоғары  кәсіби  білімі  бар, бәсекеге  қабілетті  мамандардың  жан-жақты  даму керектігін айтып, қорытындылады.

Одан  кейінгі  сөз  кезегін  ректордың  кеңесшісі, профессор- Ж.Г Мустафина жалғастырды. Студенттермен пікір  алмасу  барысында сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы нақты  қадамдарды  атап  өтті:

  • Байланыссыз  негізде  емтихан алу.
  • Барлық академиялық топтарда «Оқытушы  студенттер көзімен» атты  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу, нақты  шаралар  қолдану және  талдау.
  • Әрбір жұмыс  орнында сенім  жәшіктерін орнату.
  •  «Сыбайлас жемқорлықпен қалай  күресу  керек» үгіт-насихат материалдары       (брошюралар, буклеттер, плакаттар,  күнтізбелер).
  • «Парасыз  емтихан» акциясы.
  • Міндетті  түрде жұмыс  орындары қабырғаларына «Біз  коррупцияға  қарсымыз» атты плакаттар конкурсын  өткізу.
  • Барлық  білім  ұйымдарында  құқық  органдарының   қатысуымен сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  жөніндегі  заңнамалар  нормаларын түсіндіру.
  • Оқу  үрдісіне  ықпалдастырылған  интерактивтік білім  порталын енгізу.

Келесі кезекте бағдарлама  бойынша  4 баяндама  оқылды. Атап өтетін болсақ, 1-курс студентері Дағжан Перизат «Жемқорлық- ғасыр  дерті», Шералиева  Айгерім   «Сыбайлас  жемқорлық  өмір  шындығы», Рыскулбек  Махаббат  «Антикоррупция», Гусманов  Арнур   «Қазақстандағы  сыбайлас жемқорлық» тақырыптарын қамтыды.

 

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың  пайда  болуымен күресудің  бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды  қатайтып  және  оның орындалуын  қатаң  қадағалау, сол  арқылы  жазалау  қаупін күшейту.
  • Лауазымды  адамдарға  ережелер  мен  заңдарды  бұзбай  өздерінің  кірістерін көбейтуге  мүмкіндік беретін  экономикалық  механизмдерді  туғызу.
  • Нарық пен  бәсекелестіктің  рөлін  күшейту, сол  арқылы  сыбайлас  жемқорлықтан  түсетін  ықтимал  пайданың  көлемін азайту!

 

Ал, парақорлардың  санын  қысқарту  үшін:

  • Ар-намыс  кодексі  талаптарының  орындалуын  қадағалау.
  • Тәртіптік  комиссияның  орындалуын  қадағалау.
  • Қоғамдық  кеңестің,  және  т.б орындалуын  қадағалау!

 

Дөңгелек  үстелді  соңында кафедраның аға кураторы Г.А.Бегимбетова  тақырыпқа  сай  видео-ролик көрсетіп  студенттермен  кері  байланыс  жасай отырып төмедегідей  қортынды жасады:

Конференция