2011 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан тарихы , философия, саясаттану кафедрасының аға оқытушысы С. А . Жолдыбаева және I курс фармация факультетінің 2 топ студенттерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы тәуелсізділігінің 20 жылдық мерейтойына арналған » Тәуелсіз елім-тірегім» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Кіріспе сөзді кафедра меңгерушісі доцент З.У.Бисенбаева ашты. Келесі кезекте 20 жылдық егемендіктің кемелденуі мен келешекке құлаш сермеуінің тамаша кезеңіне арналған фармация факультетінің I курс студенттері :Амангелді Гүлмарал , Аманғали Гүлдана ,Жиенбекова Балнур Дүйсенова Толғанай ,Каиржанова Махаббаттың «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихы » атты презентацияларын тамашалады . Кеш соңында еліміздің киелі босағасы саналатын Астана қаласына арналған «Астана әсем қала » әнімен Қалтай Анар және туған жер туралы Тәжиева Ләззаттың » Атамекен » атты әндері шырқалды . Аға оқытушылар Ғ.Т . Рысалдина , С. М.Илгидаева , К.А. Төлентаева және А .А. Абдрасилов кештен алған әсерлерімен бөлісіп, студенттерге Тәуелсіз Қазақстанның гулденуіне өз улестерін қосатынына сенімділіктерін білдірді.