«Тәуелсіздік күніне» орай өткен салтанатты жиын.




13.12.2013

 

2013 жылғы 12 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «CONCORDIA» театрында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орайластырылған салтанатты жиын өтті. Еліміздің ең маңыздымерекесі Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерейтойы университет көлемінде аталынды.

Іс-шараның алғы сөзімен университеттіңортопедиялық стоматология модулінің профессоры, ҚазҰМУ-дағы«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы И.Ә Кулманбетов тәуелсіздік туралы мазмұнды баяндама жасады.

Содан соң ҚазҰМУ-дың студенттік Үкіметінің төрағасы кеңесшісі, Алматы қаласы бойынша Қазақстан студенттер Альянсы көшбасшы кеңесшісі, Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті Ерменбаев Дидар студенттер атынан жалынды құттықтауын жеткізді.

Мерекелік жиында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланып, «Тәуелсіздік күніне»  орай  Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан және  университет әкімшілігі тарапынан университетіміздің  оқытушылары мен қызметкерлеріне  төс белгілері, мақтау грамоталары, алғыс хаттар табысталды.

Университетімізге жақында болған көңіл қуантарлық үлкен жаналықтың бірі «Қазақстан аруы-2013» атанғаны үшін Исаева Айдайға (интернатура 7 курс студенті)университет ұжымы атынан құттықтау айтылып, ізгі тілек білдірілді.

Қорытынды сөзді университет ректоры А.А. Ақанов сөйлеп, университет ұжымын атаулы мерекемен құттықтады. 

«Тәуелсіздік күніне» арналған мерекелік жиын студенттердің концерттік бағдарламасымен  жалғасын тапты.

 ВКонтакте Facebook Twitter Instagram YouTube

ӘТЖЖБ маманы Б.Сұлтанбек.