Тағы да жолда!




28.11.2011

22 – 23 қарашада педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасының қызметкерлері доцент Давлетгильдеева З.Г. және ассистент Баймаханова Н.Т. Орал қаласында аймақтық тәжрибе өтіп жатқан дәрігер-интерндерде болып қайтты.

Кафедра қызметкерлері аймақтық тәжрибе бойынша клиникалық базалардағы жетекшілермен кездесті, көп бейінді балалар ауруханасының директоры Калибеков А.Т., Облыстық перинатальды орталық директоры Дмитриенко Н.Б., жоғарыда аталған клиникалармен әріптестік туралы Келісім шарттарға қол қойылды.

Интерн–педиатрлар оқуды заманауи, жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған Облыстық көп бейінді аурухана қабырғасында өтіп жатыр, аурухана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған. Олардың аймақтардағы жетекшілері Мухтарова Р.К. интерндерді сауатты, тәртіпті, қызығушылығы мол, маман ретінде теориялық және тәжрибелік дайындығы жоғары деп сипаттады. Интерн-педиатрларменк кездесуде «Жас педиатр мектебі» аясында кәсіби бейімджеуге бағытталған «Кардиолог Күні» ғылыми-тәжрибелік конференциясы ұйымдастырылды және өткізілді, медициналық және оқу құжаттарын рәсімдеуде семинар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша семинар жүргізілді. Интерн-педиатрлардың педиатрлардың негізгі бөлімдері бойынша теориялық білімін ағымды бақылау жүргізілді,  төсектегі науқаста тәжрибелік дағдылары қабылданды, күрделі клиникалық жағдайлар талданды, интерндердің  жұмыс құжаттарында (күнделік, емдеу журналдары) жазбалар жүргізу сапасын бақылау жүзеге асырылды.

Облыстық перинатальды орталықта осы емдеу мекемесінің әкімшілігі Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректорына сауатты мамандарды дайындағаны үшін алғыс хат жазылды. Акушер–гинеколог интерндердің жетекшісі Джумашева Т.С. 726 топ интерндеріне: Атамбаева Жанарға, Бурсалова Руфинаға, Грушевский Виталийге,  Рахманова Татьянаға, Суюмбаева Гулираноға, Тайтелиева Жұлдызға деген  жылы лебіздерін білдірді.

Облыстық аурухананың заманауи ғимаратында  интерн–хирургтер және интерн-терапевттер жұмыла еңбек етуде.

Орал қ. көп бейінді балалар ауруханасы
Интерн-педиатрлар
Интерн -хирургтер
Интерн - терапевтер
Интерн–акушер-гинекологтар
Әртүрлі мамандық дәрігер-интерндері жаңа онкологиялық диспансер ғимаратында тату-тәтті өмір сүруде