«Таланттар сайысы»




03.11.2011

Желбіреген туымыз көгімізде
Бүгін думан, мереке төрімізде
Асфендияров ұжымы мен студенттер
Құтты болсын бұл мейрам бәрімізге!

«Өнерлінің тасы өрге жүзер»- дегендей, біздің  №2 студенттер үйінде қазанның  21-ші жұлдызында  «Таланттар сайысы» атты салтанатты кеш өтті. Кеште  дарынды жастарымыз өз өнерлерін ортаға салып, аянбады. «Бірлік түбі-береке» – дегендей біздің бұл сайысымыздың басты мақсаты – студенттер үйіндегі ішкі ынтымақты қалыптастыру еді. Осындай өнер сайысы арқылы, біз өз ынтымақтастығымызды қалыптастырып қана қоймай, әрбір студентті, жаңа қырынан тани білдік.

Кешімізге жалпы медицина факультетінің деканы Р.Т. Джумашева  және де тәрбие және әлеуметтік істер басқармасының басшысы Н.Е. Ильясов  келді.  Сонымен қатар, №2 студенттер үйінің меңгерушісі  Р. М. Джолдыбаева қатысты.

Кешімізді ортаға топ жарып арнайы қонақ болып келген  жалпы медицина факультетінің ән ұранының авторы жалпы медицина факультетінің  5 курс студенті Ауелбеков Бағлан өз әнімен ашып берді.

Сайысқа жатақханамыздың әр қабатынан құралған бірінен бірі өткен талантты жастар қатысты.

Сайысымызда:

1 қабат-  «Қыран»

2 қабат – «Жұлдыздар»

3 қабат – «Супер стар»

4 қабат-   «Болашақ».

топтары өз өнерлерін ортаға салып сайысқа түсті. Онда сайыскерлер жатақхана өмірінен үзінділер, қызықты әзіл-ысқақ қойылымдар көрсетіп, он саусағынан өнері тамған өнерлі қыздарымыз қолөнер  бұйымдарын көрермендер назарына ұсынды.

Дайындығы мен баптары қанша жерден озық болса да, сайыс нәтижесіз  қалмайды. Сайыс нәтижесінде 1 орынды  «Қыран» тобы, 2 орынды «Супер стар» , 3 орынды «Болашақ» және  «Жұлдыздар» тобы иемденді. Сонымен қатар, кеште белсенді қатысушылар да «Белсенді студент » номинациясымен марапатталды. Олар:  1 курс студенттері  Абдугалиев Құл Мұхаммед, Көпбай Айбала, Мұса Арайлым, 2 курс студенті Басбай Гаухар, Батырхан Үрия.

Жалпы медицина факультетінің деканы Р.Т. Джумашева топтпарымызды марапаттап мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Кешіміз өте жоғарғы деңгейде өткізуге ат салысқан ұйымдастыру мүшелері: Өсімбай Әсел, Былташ Салтанат, Тілеуназаров Болат.

Дәрігер қашанда білікті маман. Ол  тек білікті де, білімді болып қалмай жан-жақты бола білгені жөн. Талантты жастарымыздың болашағынан білікті маман дәрігер шығады деген сенімдеміз.

Қоғам үшін өз үлесін қосатын,

Сырқат көрсе ауруын тез басатын.

Бар халықтың қалауына айналған,

Ақ халатты абзал жандар жасасын!

 

 

 

 

Авторлары: Былташ Салтанат

Ауезханова Назкен