«Театр маусымы» бағдарламасы бойынша ақпан айының есебі




07.03.2014

Театр – қоғамның ұстазы, ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушысы. Студенттер театрдан жан азығы мен рухани байлық алады. Себебі, театрдағы  қойылым нағыз мәдениеттің ең басты мәні мен маңызын әдеп-ғұрыппен күнделікті өмірдегі тұрмысты байланыстыру  болып табылады. Театрдағы қойылым өз жаңашылдығымен, өнерлік және өрелік биігімен студенттерге тәрбие береді.

«Театр маусымының» ашылуына орай  төмендегі қойылымдарды университетіміздің 1-курс студенттері тамашалады.

11.02.2014ж. күні Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Шырақ жанған түн» қойылымына «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінен – 100 студент барды.

12.02.2014ж. күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Күшік күйеу» қойылымына «Стоматология» факультетінен – 100 студент барды.

20.02.2014ж.  күні  М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық театрының «Тартюф» қойылымына «Жалпы медицина» факультетінен – 130 студент, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының  «Похищение из Сераля» операсына «Жалпы медицина» факультетінен – 50 студент барды.

26.02.2014ж. күні Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Ромео мен Джульетта» қойылымына «Фармацевтика», «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінен – 100 студент барды.

27.02.2014ж. күні  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымына  «Жалпы медицина» факультетінен – 100 студент барды.

Барлығы – 550 студент және 24 тьютор театр қойылымдарын тамашалады.