Тестологтармен жұмыс кеңесі




14.04.2014

2014жылдың 9 сәуір күні Академиялық жұмыстар департамент  ҚазҰМУ-дың визитинг – профессоры  В.С.Аванесовтың семинарларында тестология сұрақтары бойынша білім алған тестологтармен кездесу ұйымдастырды.

          Кездесу барысында білім алушылардың  оқу жетістіктерін бағалау құралдарының сапасын мониторинг жүргізу және әзірлеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар әр кураторға   2  кафедраны курациялауды бекіту туралы шешім қабылданды. Тестологтардың басты мақсаты 2014 жылдың сәуір айының соңына дейін университеттің оқытушы профессорлар құрамын  тестология сұрақтары бойынша оқыту.

Сонымен қатар тестологтарға, білім алушылардың ағымдағы және қорытынды оқу жетістіктерін бақылауға арналған тест тапсырмаларын әзірлеу мен координациялау, әрбір кафедрада  білім алушылардың  құзырлығының қалыптасу деңгейін бағалау құралдары бойынша оқу-әдістеме кітабын  дайындау  жүктеліп отыр.