Құттықтаймыз




13.12.2011

Желтоқсан айының 4-ші жұлдызында университетіміздің туған күнінің қарсаңында университетімізде «Факультетаралық Дебат Турнирі» өтті. Факультетіміздің намысын қорғап, тілге шешен, сөзге жүйрік ұлдарымыз 1 курс студенттері – Бөріхан Ерболат пен Асанов Бахытжан шыққан болатын. Кураторлары 2 курс студенттері – Кадирова Жұлдызбен Әдетбекова Анельдің бастауымен бәйгеге шығып, бас жүлдені жеңіп алған ұлдарымызды осы мерейлі жеңіспен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да осындай биік шыңдардан көрінеді деген сеніммен, ұлдарымызға ақ жол, сәт-сапар тілейміз,сонымен қатар кураторлары Кадирова Жұлдызбен Әдетбекова Анельді осындай, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық дебатерлерді дайындайды деген сенімдеміз!!!

Құттықтаушылар: Стоматология факультетінің деканаты мен Студенттік деканат