«VIVAT, Казахстан!» әскери-патриоттық әндер фестивалі




07.05.2012

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және Алматы қаласы әкімдігінің Ардагерлер үйлестіру кеңесі, Ауған соғысы мүгедектері және жергілікті шиеленістер бөлімі, Медеу аудандық Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «VIVAT, Казахстан!» әскери-патриоттық әндер фестивалі сәуірдің 26 күні  «Офицерлер үйінің» Акт залында  өтті. Оқу орнымыздан «До-Ми-Соль» триосы қатысып, «Туған жер» туралы әндер байқауында «Қазақтай ел қайда» әнімен III орынды жеңіп алды.  «До-Ми-Соль» триосының мүшелері Жалпы медицина факультетінің студенттері Артықов Ақиқат, Болат Ербол, Төлебай Нұрлыбек. «До-Ми-Соль» триосы университетіміздің нағыз мақтанышы.

7 Мамыр күні өткізілген Гала концертте біздің жігіттер тағы да өз өнерлерін көрсетті. Алдағы уақытта да еліміздің қалаларында фестиваль аясында, өнер көрсетпекші. Өнерлі жастарымызға тек қана алға деп-айтқымыз келеді.

Студенттердің  әлеуметтік-мәдени құзіретін қалыптастыру

басқармасының көркемдік жетекшісі С.А.Апсаттарова