«Ғылыми менеджмент» семинары




29.04.2011

Университеттің кафедра меңгерушілеріне арналған ректораттың Даңқ залында 2011 жылдың 26 сәуіріде сағат 11.00-де Қазақстан ғылымы күніне арналған «Ғылыми менеджмент» семинары өткізілді.
Семинарға Қырғызстан халықаралық университетінің медицина халықаралық мектебі, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті, м.ғ.к. – Джусупов Кенешбек Осконбаевич «Жоғары білім және зерттеулерге арналған халықаралық ресурсатры» баяндамасымен шықты (Бішкек қ.). Баяндамада ғылыми – зерттеу жұмыстарының халықаралық гранттарын іздеу бойынша сұрақтары қарастырылды.
Сонымен қатар семинарда «Ғылыми менеджмент негіздері (International Grants)» атты баяндамасымен патологиялық анатомия кафедрасының профессоры, д.м.н. А.Д. Сапаргалиева және «Tick born deceases» – Кене арқылы берілетін жұқпалы аурулар халықаралық конференциясына (Германия, Веймар) қатысуы туралы ақпаратымен жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасынынң профессоры, д.м.н. А.М. Дмитровский сияқты университет қызметкерлері дәріс оқыды.
Университеттің кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушалар құрамынан семинарға 68 адам қатысты.