«Қызыл орамалды Шынарым» қойылымы.




14.03.2013

Наурыздың 13 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттері тьюторларымен бірге Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ Мемлекеттiк академиялық Балалар мен жасөспiрiмдер театрына, белгiлi қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менiң, шырайлым менiң» повесiнiң негiзiнде сахналанған «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымын тамашалап қайтты.

Қойылым Шыңғыс Айтматовтың: «Бұл өлкеде пойыздар Батыстан Шығысқа қарай, Шығыстан Батысқа қарай жүйткiп жатады…                                                                                     «Адам ессiз болып туады, есалаң өмiр кешедi… Есi кiргенде тым кеш болады…»» деген баяндауымен бастау алады.

Адамның жүрек түкпiрiндегi жалғыз-ақ дүние – ол махаббат сезiмi. Тек оны әрқайсысы өзiнше түсiнiп, өзiнше сезiнедi. Қалай десеңiз де, бұл – өмiр және әркiмнiң өзiнiң пешенесiне жазылған тағдыры болады. Бұл қойылымда да сол өмiрдегi адамдардың бастарынан өткерген тағдырлары баяндалады.                                                                                         Бас кейіпкер – қарапайым көлiк жүргiзушiсi Iлияс. Жұмыс бабымен жүрiп ерекше жағдайда арманы Әселi, қызыл орамалды Шынарымен танысады. Кездейсоқ таныстықтықтың соңы кiршiксiз сезiм, үлкен махаббатқа ұласып, қос ғашық жолдарында тұрған кедергiлердiң ешбiрiне қарамастан шаңырақ көтередi. Көп ұзамай нәрестелi де болады. Алайда, жұмысына жанымен берiлген Iлиястың ойға алған «идеясының» жүзеге аспай қалуы, отбасы бақытының тас-талқанын шығарады. Жеңiлгенiн мойындағысы келмеген кейiпкер жан жылуын жанұясынан емес, өзгенiң, яғни қызметтес танысы Хадишадан iздейдi.                                                                                                                           Нәзiк сезiм, терең лиризмге құрылған қойылым мәңгiлiк махаббат мәселесiн биiкке көтере отырып, көрерменiн мейiрбандыққа, сыршылдыққа, адамилыққа, ең бастысы, айналаңдағы адамдардың қадiрiн жете түсiнiп, басыңдағы бағыңды бағалай бiлуге үндейдi.

Спектакль көрермендердің көңілінен шыға білді. Қойылым біткен соң студенттер тьюторларымен бірге естелікке суретке түсті.

 

Спектакль «Тополек мой в красной косынке».

13-го марта студенты КазНМУ вместе с тьюторами посетили  Казахский государственный академический театр для детей и юношества им. Г. Мусрепова, на спектакль драматического жанра ««Тополек мой в красной косынке», поставленный по одноименной повести Чингиза Айтматова.                                                                               Это одно из самых замечательных и прекрасных произведений, вышедших из-под пера Чингиза Айтматова, где воспеваются красота, любовь, доброта, верность, преданность – вечные общечеловеческие ценности.                                                                Сюжет «Тополек мой в красной косынке» поистине завораживает и погружает во все происходящее на сцене. По горным дорогам Тянь-Шаня ведет свою машину шофер по имени Ильяс. Однажды, возвращаясь из очередного рейса, он случайно встречает молодую девушку Асель. Случайное знакомство молодых людей становится началом большой любви, которая, к сожалению, не выдержала выпавших на их долю испытаний.

Студентам очень понравился спектакль и после чего поделились своими  впечатлениями об увиденном. После чего сфотографировались на память.