Замандарды жалғайтын көпір




21.01.2013

18.01.2013 сағ 11:00-де  Алматы қаласының Қазақ Ұлттық  кітапханасында мәдениет өкілдері қатысуымен көрнектi қоғам және қалам қайраткерi, мәдениеттанушы, ҚР-ның еңбек сiңiрген қайраткерi, “Тарлан” және “Алтын ғасыр” ассоциациясының “Алтын асық” атты сыйлықтарының иегерi Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 70 жылдық мерей тойына орай кездесу жиыны өтті.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов –«Времен связующая нить», «Иппокрена», «Уйти, чтобы вернуться» кітабының және Мәдени ескерткіштердің тарыхы жайлы деректі фильмдердің авторы, «Времен связующая нить» тележобасының авторы және жүргізушісі, «Алтын Жұлдыз-2002» сыйлығының иегері, Қазақстанның Қытай Халық РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі, Орталық азиялық және Семей университеінің профессоры. Бірнеше жыл Қазақ Ұлттық кітапхананың бас директоры қызметінде жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Мұхтар Әуезов атындағы Халықаралық қордың президентi.

Бұл кездесуде қатысушыларға үлкен қызығушылық  тудырған белгілі қоғам қайраткерлері С.Жансүгіров, К.Бегалин, С.Нарымбетов, Е.Аманшаев, Т.Теменов, С.Азимов, А.Ким, С.Елубай, С.Құттықадам, А.Жақсылықов, Ә.Қодар, Г.Әбикенова, Д.Қонаев, Е.Ұлықбек, С.Абдулло, Ж.Мұстафина, У.Қалижан, А.Арцишевский, Э.Жылқыбаев, Ү.Тажикенова, Г.Телебаев, Р.Бапов, Д.Амантай, К.Жорабаев, С.Ананьева және тағы да басқалары Мұрат Әуезовтың  рухани бірлік, мәдени мұраға қосқан үлесін айтып , ,бүкіл ғұмырын халқын көркейтуге, қақақ елінің  тәуелсіздігі, еркін санасы тұрғысында еңбек атқарғаны сөз етілді.