Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасы




04.07.2011

Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасы 2003 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның клиникалық базалары болып табылады: ҚР ДСМ кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, №7 ҚКА және №2 БҚКА. Кафедрада зертханалық жабдықтар (гематологиялық, биохимиялық анализаторлар, гемостаз жүйесін, ЭТЖ анықтау анализаторлары, микроскоптар, «Диаморф» аппараттық кешені), компьтерлер және  оргтехника бар.

2010 ж 1 сәуірінен бастап кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Цой И.Г. тағайындалды. Кафедраның ПОҚ-ы 2 профессордан, 2 доценттен және 4 ассистенттен құралған.

Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасының тарихы

С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің  2001 жылдың  5 маусымындағы шешіміне және  2001 жылдың 19 шілдедегі № 231 бұйрыққа сәйкес студенттерді дайындаудың сапасын арттыру мақсатында 2001 жылдың 1 қыркүйегінен «Клиникалық зертханалық диагностика» оқу курсы енгізілді.

Жаңа оқу курсы кафедра құрамында ұйымдастырылды: «Ішкі аурулар, жедел және шұғыл медициналық көмек» – кафедра меңг, м.ғ.д., профессор К.М.Турлановпен. жаңа оқу курсының меңгерушісі болып м.ғ.д., клиникалық зертханалық диагностика бойынша профессор Жангелова М.Б. тағайындалды. Штат құралды – м.ғ.д., профессор Алдунгарова Р.К., оқу курсының алғашқы ассистенттері болып жоғары білікті дәрігер-зертханашы Касенова Р.К., Хайбуллина А.Г., Баймагамбетова С.С., ассистент м.ғ.к. Пархатова С.Я.; зертханашылар Горбачева Е.И. мен Кравченко Т.П. жұмыс істеді.

Курстың қызметкерлері шет елдің жетекші зертханалық, ғылыми-медициналық орталықтарында білім алды және мамандандырылды. Кафедрада заманауи диагностикалық құрал-саймандармен жабдықталған және жоғары медициналық білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сай төрт зертхана ұйымдастырылды. Білім беру үш бағытта жүрді: емдеу және педиатрия факультеттерінің бітіруші 6 курс студенттерін оқыту; екі мамандық (дәрігер-зертханашы және функционалдық диагностика бойынша дәрігер) бойынша дәрігер-интерндерді біріншілік мамандандыру; дипломнан кейінгі білім беру, дәрігерлерді қайта мамандандыру, дәрігерлерді тақырыптық жетілдіру.

Клиникалық зертханалық және функционалдық диагностика бойынша оқу Бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер дайындалды. Барлық қызметкерлер диагностикалық бағдарламаларды, жүйелерді және технологияларды қолдана отырып, заманауи жабдықтарда жұмысқа үйренді.

Оқу курсының алғашқы клиникалық базасы қалалық МЖЖА болды. Алматы қ. емдеу-алдын алу мекемелерінің науқастары мен университеттің студенттері үшін заманауи гематологиялық, биохимиялық, ультрадыбыстық және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізілді.

2003-2004 оқу жылынан бастап оқу курсы «Клиникалық зертханалық және инструменталдық диагностика» кафедрасына айналды; штат айтарлықтай кеңейтілді, жаңа оқу пәндерін оқыту енгізілді, клиникалық микробиологияның жаңа жақсы жабдықталған  (Васtec 960, бактериологиялық анализатор Termo-labSystems, газдық хроматограф Agilent HP 6890 фирмасы), клинической биохимия, аппараттық-бағдарламалық кешен «Диаморф», ПТР – диагностика, ИФА зертханалары ұйымдастырылды.

Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Бейсембаева Ш.А. тағайындалды. Оқу бөлмелері компьютерлермен жабдықталған. Кафедраның клиникалық базалары кеңейтілді –№ 7 ҚКА, қалалық диагностикалық орталық, МЖЖА, №1 перзентхана, «Хак» медициналық орталығы.

Кафедрада интернатура, клиникалық ординатура, аспирантура және докторантура ұйымдастырылды. Дәрігерлер мен мамандарды заманауи диагностикалық технологияларға оқыту жүргізілді: ПТР, ИФА, УДЗ, ЭхоКГ, ЭЭГ, спирография, бактериалдық анализаторлар, биохимиялық, гематологиялық анализаторлар және морфоденситометрия.

Ғылыми зерттеулер Кюнцигер ат. микробиологиялық зертхана базасында жүргізілді,  ол заманауи құрал-саймандармен жабдықталған және Люксембург Ұлы Герцогствосының  демеушілік көмегімен және гімен Фернанд Гольдшмиттың жеке қатысуымен ұйымдастырылған.

2006 жылдың желтоқсанында емдеу факультетінің Ғылыми Кеңесінің және терапевтік пәндердің ОМК ұсынысына байланысты инструменталды диагностика тақырыптары бойынша оқыту онкология, маммология және сәулелік диагностика кафедраларына берілді.

2008 жылы (бұйрық № 330  02.04. 2008 ж.) С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің № 1  26.09.2007 шешімі негізінде клиникалық зертханалық-инструменталдық диагностика кафедрасы зертханалық диагностика және  молекулярлық медицина кафедрасы болып қайта аталды.

Кафедрада «Жалпы медицина» факультетінің 2, 3 және 4 курсы, емдеу және педиатрия факультеттерінің 6 курс, «Медико-биологиялық іс» бөлімінің 5 курс студенттері және «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша және шектес мамандықтар бойынша резиденттер келесі пәндер бойынша білім алды:

  • · «Клиникалық биохимия» – емдеу және педиатрия факультеттерінің 6 курс студенттерінде, стоматологиялық факультеттің 4 курстың студенттерінде (білім берудің тездетілген түрі) және «Дәрігер – биохимик» мамандығы бойынша МБІ курсының 5 курс студенттерінде мемлекеттік құрамдас бөлігі;
  • «Молекулярлық медицина сұрақтары» – «Медико-биологиялық іс» мамандығы бойывнша 4 курс студенттерінде элективтік курс;
  • «Клиникалық зертханалық диагностика» – «Акушер», «Хирург» және «Балалар хирургы» мамандықтары бойынша 6 курс студенттерінде цикл;
  • · «Клиникалық зертханалық диагностика» «Педиатр», «Неонатолог», «Акушер-Гинеколог», «Психиатр», «Фтизиатр», «Невропатолог», «Инфекционист», «Онколог», «Кардиолог», «Спорттық медицина», «Дерматовенеролог», «Жалпы тәжірибе дәрігері», «Эндокринолог», «Ревматолог», «Стоматолог» мамандықтары бойынша резиденттерге арналған;
  • · «Жүрек-тамыр патологиясының зертханалық диагностикасы» элективі ЖМ 4 курсының  студенттерінде;
  • · «Құрсақ ішілік инфекциялардың зертханалық диагностика» элективі ЖМ 4 курсының  студенттерінде;
  • · «Гемостазиологияның негіздері» элективі ЖМ 4 курсының  студенттерінде;
  • · «Қанның жалпы клиникалық зерттеуі» элективі ЖМ 3 курсының  студенттерінде;
  • · «Мүшелер мен тіндердің биохимиясы», «Патологиялық үрдістердің биохимиясы», «Клиникалық биохимия» МБІ  5 курсының студенттерінде;
  • · «Заманауи диагностикалық технологиялар» пәні МБІ  5 курсының студенттерінде таңдауы бойынша;
  • · «Клиникалық биохимияның молекулярлық аспектілері» «Дәрігер – микробиолог» мамандығы бойынша МБІ  5 курсының студенттерінде;
  • · «GLP стандарттары  және сапаны бақылау» МБІ  5 курсының студенттерінде;
  • · МБІ  5 курсының студенттерінде дипломдық жұмыс
  • «Дәрігер-ординатордың көмекшісі» оқу-өндірістік тәжірибесі (функционалдық диагностика бөлмесіндегі жұмыс) ЖМ 4 курсының студенттерінде;
    •  Клиникалық зертханалық диагностика шектес пәндердің  резиденттерінде.
    • «Зертханалық диагностика» – резидентура (1 және 2 оқу жылдарының).

 

2011-2012 оқужылының элективтік пәндері:

  • · «Клиникалық зертханалық диагностикаға кіріспе» МІ және ЖМ  3 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Жалпы қан анализі»  ЖМ  3 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Эндокриндік аурулардың зертханалық диагностикасы» ЖМ 5 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Клиникалық тәжірибедегі молекулярлық-генетикалық әдістер. Дәрілік мониторинг және допинг-бақылау. Онкомаркерлар» ЖМ 5 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Хирургиядағы және акушерлік шұғыл жағадайлардың зертханалық диагностикасы» ЖМ 5 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Иммундық статусты бағалау және аллергиялық аурулардың зертханалық диагностикасы» ЖМ 5 курсының студенттеріне арналған.
  • · «Қан ауруларының және неонатологиядағы шұғыл жағадайлардың зертханалық диагностикасы» ЖМ 5 курсының студенттеріне арналған.

ӨТ «Дәрігер-ординатордың көмекшісі» ЖМ 4 курсының студенттеріне арналған.

Аталған барлық пәндер бойынша ОӘДК бар. Кафедраның ПОҚ-ымен ақпараттық тартылатын  материал,  видеофильмдер және  Power Point бағдарламасында презентациялар, ситуациялық есептер, тексеру алгоритмдері мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалды. Құзыреттер ескеріле отырып, бірыңғай бағалау өлшемдері анықталды.

 

Біздің жетістіктеріміз

Кафедра жұмысының жылдары 60-тан аса мақала шығарылды, ойлап шығарғанға 6 патент алында, 2 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Профессор Н.Р. Аблаевпен клиникалық биохимия бойынша «Биохимия в схемах и рисунках» оқулығы және 5 оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде шығарылды, профессор  М.Б.Жангеловамен – клиникалық зертханалық диагностика бойынша 3 оқу құралы.

Кафедраның профессорлік-оқытушылар құрамымен тәжірибелік денсаулық сақтау мүшелеріне клиникалық базаларда ғана емес, сонымен қатар одан тыс та белсенді көмек көрсетіледі. Профессор Жангелова М.Б. провела дәрігер – зерттеушілер үшін 2 көшпелі мастер класс өткізді – Тараз қ. ЕАМ-де «Шұғыл жағдайлрадың диагностикасының зертханалық әдістреі (экспресс-диагностика) және «2008-2012 жылдарға ҚР-ның зертханалық қызметінің негізгі даму бағыттары» тақырыптары бойынша, доцент Г.Г. Мендешевамен Қызылордада көшпелі «Иммуноферменттік анализ» циклында 24 дәрігер – зерттеушілер.

2004 – 2009 жылдарда кафедрамен ұйымдастырылған біліктілікті жоғарылату курстарында 16 циклда 62 дәрігер – зерттеушілер және функционалдық диагностиканың 5 дәрігері «Клиникалық зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері», «ПТР – жұқпалы аурулардыфң диагностикасы», «Иммуноферментный анализ», «Современные диагностические технологии в КЛД», «Функционалдық диагностика. Спирография» бойынша оқытылды және біліктілікті жоғарылату бойынша куәліктер берілді. Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ-ның жұмыс орнында Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан 4 дәрігер – зерттеушілері оқытылды.

Кафедра қызметкерлері Алматы қ. дәрігер – зерттеушілері қауымдастығының, Алматы қ. денсаулық сақтау департаменті қарамағында зертханалық құрал жабдықтарды сатып алу бойынша тендерлік   комиссияның және «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша (I-II категориялы) аттестациялық комиссияның әрекетті мүшелері және олардың отырысына қатысады.

Асс. Ускенбаева У.А. проф. Т.М. Иманбаевамен бірлесіп әртүрлі гематологиялық аурулармен балаларды емдеудің хаттамаларын ұйымдастыруға қатысты.

 

Кафедраның ҒЗЖ және СҒЗЖ.

Профессор Цой  И.Г. Қазақ тағамтану академиясының жобалары бойынша НТП жауапты атқарушысы болып табылады. К.м.н., доцент Бейсембаева Ш.А. ғылыми жобалары бойынша  жауапты атқарушысы болған «Жұқпалы аурулардың ағымын және қорытындысын диагностикалауда және болжауда жоғары әсерлі геномдық технологияларды ұйымдастыру және ендіру» (ҚР ДСМ  гранты бойынша); «Қазақстанда кездесетін туберкулез микобактерияларының популяциясының генетикалық құрылымы» (ҚР БҒМ гранты бойынша); «Қазақстан Республикасында зертханалық қызметті жетілдірудің ғылыми-негізделген бағдарламасын және биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру» (ҚР ДСМ  гранты бойынша) ғылыми жобалары бойынша  жауапты атқарушысы болған , оларға кафедра қызметкерлері қатысады. Кафедраның қызметкерлері ҚР ДСМ және БҒМ  гранттары бойынша  қолданбалы және іргелі зерттеулер бойынша НТП-ға қатысты.

2011 ж. қаңтарында профессор Аблаев Н.Р. кафедра мен  университеттің қызметкерлері үшін студенттерге инновациялық білім беру үшін интернет көздерін қолдану, сонымен қатар клиникалық биохимия бойынша  анимациялар мен видеофильмдер қолдану бойынша семинар өткізді.

Зертханалық диагностика кафедрасының қызметкерлерінің ҒЗЖ келесі бағыттарда іске асады: НТП «Адамның әлеуметтік маңызды ауруларының этиопатогенетикалық алдын алуын  нутритивтік қолдаудың және емдеудің жаңа тәсілдерін теориялық негіздеу және ұйымдастыру», НТП «Азацикл қатарының жаңа инфекцияға қарсы препараттарының молекулярлық дизайны», «Қазақстан Республикасында остеопороздың алдын алудың кешенді бағдарламасын өңдеп шығару» жобасы бойынша Қазақстанның қарт жастағы адамдарының белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі кәрілікке қарсы модельді (бағдарламаны) өңдеп шығару.

Кафедра «Назарбаев университет», Колумбиялық университеттің қатысуымен келесі халықаралық бағдарламаларды орындау бойынша   Германия, АҚШ және Ресейдің ғылыми-зерттеу орталықтарымен ұзақ уақытқа халықаралық серіктестікте: АҚШ, Нью-йорк «Қазақстанда туберкулез қоздырғыштарының таралуының экосоциалдық факторларын зерттеу», Қазақ-Ресей жобалары «Остеопороз кезіндегі полиморфизм гендерін генетикалық зерттеу» және «Жүрек-қантамыр ауруларының диагностикасының инновациялық әдістері».

Кафедра құрылғаннан бері 2003 жылдан бастап  он халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар (Зертханалық диагностиканың қазіргі мәселелеріжәне т.б.) өткізілді. Кафедраның қызметкерлері жыл сайын зертханалық диагностика бойынша қалалық, аймақтық және республикалық конференцияларда баяндамалар жасалды.

Кафедра жыл сайын фтизиатрия кафедрасымен бірлесіп, дүниежүзілік ЖИТС және туберкулезбен күрес күніне арналған  студенттік конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедрада 2-жылдың 8 резиденті,  1-жылдың 2 резиденті білім алуда.  Емдеу факультетінің интернатурасын және медико-биологиялық іс бөлімін бітірген кафедра түлектері қалалық және аймақтық ЕАМ-нің зертханаларының жетекшілері болып табылады.