Жас жұлдыз – 2011




16.11.2011

2011 жылдың 4 жұлдызында Қ.А.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ –де Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Алматы қаласы жоғары оқу орындары және колледж студенттерінің арасында жылдағы дәстүр бойынша жас жұлдыз шығармашылық фестивалі қала студенттеріне қуанышты күн сыйлады.

«Жас жұлдыз – 2011» шығармашылық фестивалінде жеті байқау түрлері өткізілді. Атап айтқанда, біздің университеттен эстрадалық ән, күйшілер сайысы, патриоттық әндер және авторлық әндер байқауына студенттер қатысты. Авторлық ән байқауынан университет жанынан құрылған вокалдық инструменталдық ансамбль «Сырттан» 1 орынды жеңіп алды. Вокалдық инструменталдық ансамбль құрамында жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері Искаков Айдос, Еспергенов Бекзат, Тулегенов Ербол, Әйтімбетов Әлібек өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Авторлық әнде «Сырттан» тобы өздерінің жазған әнін нақышына келтіре орындай білді.
–    «Бұл біздің жеңіп алған жүлделі 1 орнымыз университетіміздің ортақ жеңісі деп есептейміз!».

Искаков Айдос ЖМ09-042-2топ студенті