ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!




28.04.2011

«Дипломмен – ауылға» жобасы басталғалы бері  республиканың түкпір-түкпіріне жас мамандар ағылып жатыр. Ауылдық жерлер медицина қызметкерлеріне зәру. Осындай игі істің дұрыс ұйымдастырылуына ұйытқы болу мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 28 ақпан 2011 жылғы  №474 бұйрығымен Үздіксіз білім беру орталығының жанынан Жұмыспен қамту және мансап қызметі құрылды.  Мақсаты: студенттердің кәсіби-біліктілік траекториясын қалыптастыру және жоғары оқу орнын бітірушінің әлеуметтік жоғарылауына, оның тұлға болып қалыптасуына, мобильділігін арттыру, еңбек нарығында бітірушінің бәсекеге қабілеттілігін нығайту, әлеуметтік әріптестік аясын кеңейту, «мектеп-жоғары оқу орны-жұмыс беруші» жүйесін жетілдіру болып табылады.

Сәуірдің 5-6-7 жұлдызында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдарының өкілдерімен бітіруші түлектердің кездесуі өтті. Үш күндік кездесудің алғашқы күні Алматы облысының өкілдері, екінші күні Жамбыл облысы, үшінші күні Алматы қаласының аурухана, емхана басшылары, кадр бөлімінің бастықтарымен интерндер тікелей кездесіп көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісті.

Бітірушілерді қызықтыратыны әлеуметтік көмек мәселесі. Алматы облысының әрбір түкпірінен келген бас дәрігерлер қолдарынан келетін көмек түрлерін ұсынып жатты, мысалы: Кеген ауданының өкілі ипотекалық үй, 2 миллион теңгеге дейін несие, 95 000 теңге көмек ақша, жалақы көлемі 90-100 теңге көлемінде болатынын айтып өтті.

15 сәуір 2011 жылы Конгресс-холда «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге Қазақстанның 12 аумағынан 130-ға жуық  өкіл қатысты.

Олардың құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастықтары, кадр бөлімінің бастығы, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері болды. Түске дейінгі басқосуда университет ректоры, дипломнан кейінгі білім және аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, Үздіксіз білім беру орталығының директоры, интернатура факультетінің деканы, резидентура (PhD), магистратура және докторантура бөлімінің меңгерушісі, басқарма басшылары сөз сөйледі.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Е.Е.Дурумбетов «100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша емдеу мекемелеріне жұмысқа тұрған интерндерге бір жылдың ішінде пәтермен қамтамасыз етілетінін атап айтты. 2010 жылы жаңа перинатальдық орталық, 300 жатын орны бар көпсалалы аурухана салынғаны, жедел жәрдем ауруханасына түбегейлі жөндеу жұмыстарының өткені туралы хабарлады. Осы емдеу мекемелеріне анестезиолог, реаниматолог, неонатолог, жедел және кезек күттірмейтін көмек беретін дәрігерлер қажет. Мамандардың жалақысы 200 000 теңгеге жуық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қарастырған 120 мың теңге ынталандыру коэффициенті тоқсан сайын берілетінін жеткізді.

Алматы облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері онколог, онкохимик, радиолог тапшы екендігін, осындай мамандар жұмыс жасауға ниет білдірсе билік орындарымен келісіп әлеуметтік жағдай жасалатынын білдірді.

Батыс Қазақстан облысынан 2010 жылы университетіміздің түлегі, нейрохирург-дәрігер жұмысқа орналасқан соң жаңа пәтер алғанын, жалақысының 100 мың теңгеден асатынын айта отырып, биылғы жылғы бітірушілерді ауылдық жерлерге жұмысқа баруға, халыққа сапалы көмек көрсетуге шақырды.

Аудиториялық корпуста интерндермен жеке кездесу барысында бас дәрігерлер ауылдық жерлерге жұмысқа шақырып қана қоймай берілетін әлеуметтік көмектің көлемін, түрін түсіндіре отырып, артынан келісім-шарт жасасуға бел байласты.

Жұмыс беруші мен бітірушілердің бетпе-бет жүздесуі барысында біраз келелі мәселелер өз шешімін тауып жатты. Атап айтатын болсақ, бітірушілер ауылға жұмыс істеуге барған жағдайда қандай жағдай жасалатынын, тұрғын үй, жалақы көлемі туралы толық әрі шынайы ақпарат алса, жұмыс берушілер емдеу мекемесіне қажетті кадр тапшылығын жою үшін қолайлы шарт туындағанына қанағаттанды.

Бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылып, жұмыс берушілердің білікті кадрлармен қатарын толықтыруы университетіміздің көздеген мақсаттарының бірі, сондықтан да бітірушілер заман талабына сай білім нәрімен сусындаған жағдайда қолайлы жұмыс орны табылатыны айдан анық.

Интернатураны аяқтаған интерндер таңдаған мамандығы әртүрлі себептермен ұнамаса мамандықтарын төменде көрсетілген кестедегі мамандық түрі мен оқу түрі бойынша мамандықтарын өзгерте алатынын хабарлайды:

 

Мамандық атауы Қайта дайындықтан өту (ай) Резидентура  

(жыл)

Клиникалық фармакология 5 ай
Медициналық .реабилитология 5 ай
Сәулелік  диагностика 5 ай 2 жыл
Функциональдық диагностика 6 ай 1 апта – 5 ай
Клиникалық зертханалық диагностика 5 ай 2 жыл
Дәстүрлі терапия 5 ай
Авиациялық және космостық медицина 5 ай
Спорттық медицина 5 ай 2 жыл
Төтенше жағдай медицинасы 5 ай
Патанатомия 5 ай 2 жыл
Санитарлық-медициналық сараптама 6 ай 1 апта – 5 ай
Трансфузиология 5 ай
Перфузиология 5 ай
Стоматология 5 ай 2 жыл
Медициналық генетика 5 ай
Гигиена және эпидемиология 5 ай
Қоғамдық денсаулық сақтау 5 ай
Фармация 5 ай
Мейірбикелік іс 5 ай
Терапия 5 ай – 6 ай 1 апта
Жалпы практик дәрігер 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Кардиология 5 ай – 6 ай 1 апта 3 жыл
Ревматология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Аллергология және иммунология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Гастроэнтерология 5 ай – 6 ай 1 апта
Гематология 5 ай – 6 ай 1 апта
Пульмонология 5 ай – 6 ай 1 апта.
Эндокринология 5 ай – 6 ай 1 апта. 2 жыл
Нефрология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Фтизиатрия 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Проф.патология 5 ай – 6 ай 1 апта
Инфекциялық аурулар 5 ай – 6 ай 1 апта. 2 жыл
Дерматовенерология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Неврология 5 ай – 6 ай 1 апта
Психиатрия 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Гериатрия 5 ай – 6 ай 1 апта
Педиатрия 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Неонатология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Бала психиатриясы 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Сәулелі  терапия 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Онкология 5 ай – 6 ай 1 апта 2 жыл
Токсикология 5 ай – 6 ай 1 апта
Денсаулық сақтау менеджменті 5-10 ай.
Анестезиология және реаниматология 7,5-8 ай 3 апта
Жақ-бет  хирургиясы 6 ай 1 апта -7,5 ай 3 жыл
Урология және андрология 6 ай 1 апта -7,5 ай 3 жыл
Офтальмология 6 ай 1 апта -7,5 ай 3 жыл
Оториноларингология 6 ай 1 апта -7,5 ай 3 жыл
Жалпы  хирургия 7,5-10 ай 3 жыл
Травматология 7,5-8 ай 3 апта 3 жыл
Бала  хирургиясы 7,5-10 ай 3 жыл
Акушерлік іс және гинекология 7,5-8 ай 3 апта 3 жыл
Кардиохирургия 10 ай 4 жыл
Ангиохирургия 10 ай. 4 жыл
Нейрохирургия 10 ай
Пластикалық хирургия 10 ай
Невропатология 2 жыл

 

Қайта дайындау арқылы мамандығын университетте үздіксіз білім беру орталығында өзгертуге болады. Анықтама үшін Үздіксіз білім беру орталығы, Ректорат, 102, 103 кабинеттер, телефон/факс: 292-69-69 (ішкі 143), электрондық пошта: [email protected], веб-сайт: kaznmu.kz →Центр непрерывного образования→

Жамила Түгелбайқызы

Жұмыспен қамту және мансап орталығы