2 желтоқсан Университет күндері аясында театр актерлерімен кездесу ұйымдастырылды




04.12.2012

2 желтоқсан күні «Concordia» театрында арнайы шақырылған Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрының актерлерімен кездесу өтті. Олар:

Бектауов Сүндет – Республикалық әнші-актерлар конкурсының лауреаты, Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры;

Жантілеуова Аида Ізғалиқызы – ІІІ Орта Азия елдері Халықаралық театр фестивалінің лауреаты, Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы;

Әділова Анар Сапарбекқызы – Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы;

Тушаев Бахыт – Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры;

Отарбаев Елдар – Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры.

Сахналық өнердің көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдына өз күштерімен бейнелеп жеткізетін театр актерлері қызығы мен киындығы мол шығармашылықтары жайлы әңгемелерін айтты. Студенттердің сұрақтарына жауап берген қонақтар, әндер де шырқады.

Студенттердің әлеуметтік-мәдени

құзіретін дамыту басқармасы