2011 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айындағы Адам ресурстарын дамыту бөлімінің атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ




04.05.2011

  1. Жұмыс өтілімі 10 жылдан асқан ПОҚ-на 2011 жылдың 31қаңтар мен 09 ақпан аралығында Медициналық биофизика, информатика және  математикалық  статистика кафедрасымен біріге отырып, информатика пәні бойынша біліктілікті жетілдіру курсы ұйымдастырылып, жүргізілді. Курс соңында, Курсты жүргізушінің біліктілігіне баға беретін сауалнамалар  таратылды.
  2. 2011 жылдың 25 қаңтары мен 12 ақпаны аралығында,  адам ресурстарын дамыту бөлімінің бастығы Ә.Кәрібаева, тексеріс бойынша құралған жұмыс тобының құрамында, Университет  кафедраларында кредитті жүйені енгізуге қатысты кафедралардың дайындығын және кафедраларда қоса атқарушы қызметкерлердің пайыздық арасалмағына қатысты тексеру жүргізді.
  3. 2011 жылдың ақпан айының 1 мен 8 аралығында «Белсенді оқыту әдістері» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға Унивеститеттің білікті доценттері қатысып, біліктіліктерін тереңдетті. Қатысқан қызметкерлер саны –  40 адамды құрады. Семинарды  Инновациялық бiлiм беру және ақпараттық технологиялар  орталығының қызметкері, ф.ғ.к. А.К. Алимов  жүргізді. Соңында  мамандардан семинардың өткен қарқыны жайлы, әртүрлі сұрақтар қойылған  сауалнамаларға жауап алынды.
  4. Бөлім бастығы Ә.Қазбекқызы 16-18 ақпан күндері Астана қаласында өткен «Денсаулық сақтаудың  кадрлық қорларын жоспарлау» атты әдістемелік семинарға қатысып,  біраз мағұлматтар алып келді.
  5. 28 ақпан күні, наурыз айындағы  Дәлелді медицина  пәнінен өтетін  курсқа  қатысатын еңбек өтілі 10-жылдан  асқан ПОҚ санын анықтауды кафедраларға жүктеп,  бөлімге толық ақпарат  беру керектігін  негіздейтін сауал жасап, тараттық.
  6. Бөлім бастығы Ә.Қазбекқызы 2-3 наурыз күндері Астана қаласында өткен «Қазақстанның медициналық білімі: «Өткені, бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып келді.
  7. Семинарлар мен курстардан өткен  қызметкерлерге арнап, Жабдықтау бөлімімен  біріге отырып 1000 дана Сертификаттар жасалып шығарылды.
  8. 2011жылдың 4-сәуір күні Коммуникативтік дағдылар, психотерапия, жалпы медицина және медициналық  психология негіздері  кафедрасымен біріге отырып, еңбек өтілімі 10 жылдан асқан ПОҚ-на «Психология, педагогика және  коммуникативті дағдылар» бойынша жетілдіру курстарын  жоспарладық. Соған байланысты курсқа қатысуға ынтасы бар кафедра қызметкерлерінің тізімін 20-сәуірге дейін  беру жайлы сауал жасап, тараттық.
  9. 19-23 сәуір аралығында «Белсенді оқыту әдістері» атты әдістемелік семинардың 2-кезеңін өткіздік. Екінші кезеңдегі әдістемелік семинар орыс тілінде жүргізілді. Семинарға 41 қызмектер қатысып, білімін шыңдады. Семинарды Инновациялық бiлiм беру және ақпараттық технологиялар  орталығының қызметкері, ф.ғ.к. А.К.  Алимов  жүргізді. Соңында  мамандардан семинардың өткен қарқыны жайлы, әртүрлі сұрақтар қойылған  сауалнамаларға жауап алынды.

10.  25-29 сәуір аралығында Дәлелді медицинадан университет қызметкерлеріне «Тәжірибелік-клиникалық нұсқаулықты өңдеу мен бағалаудың әдістемелігі» атты семинар өткізілді. Семинарды  Дәлелді медицина орталығының бастығы Ботагөз Сайтовнамен  ақылдаса отырып, жоспарладық. Семинар соңында  өткізген маманның білімін тексеру негізіндегі Сауалнама таратып, сертификаттарын үлестірдік. Семинарға 24-қызметкерлер қатысты.

 

Адам ресурстарын дамыту

бөлімінің бастығы                                                                   Ә. Кәрібаева