2012-2014 жылдарына Университеттің Студенттік Үкіметіне төрағасы сайланды




14.11.2012

Бүгін 2012 жыл 14 қараша күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін «Concordia» театрының холында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Студенттік Үкіметі төрағалығына сайлауы өтті. Сайлау барысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы – оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Қ.А.Төлебаев, комиссия хатшысы – Мухамедиярова М.М., балалар жасындағы стоматологияның пропедевтикасы және ортодонтия модулі кафедрасының оқытушысы,  барлық факультеттердің декан орынбасарлары және студенттік ұйымдардан құрылған Орталық сайлау комиссиясының бақылауымен әділ және ашық түрде өтті.

Университеттің Студенттік Үкіметін сайлауға әр факульттетен арнайы сайлаушы студенттер тағайындалған болатын (әр топтан 1 студенттен).

Сайлау нәтижесі бойынша:

Жалпы бюллетендер саны – 497;

Сайлауға қатысқандар саны – 374 студент.

–          Курбатов Андрей – 147 дауыс жинады;

–          Асанов Бахытжан – 56 дауыс жинады;

–          Калиев Ердан -97 дауыс жинады;

–          ПазыловАзамат  -74 дауыс жинады.

 

75,3% дауыспен Университеттің Студенттік Үкіметі төрағалығын Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Курбатов Андрей жеңіп шықты.