2012 жылдың 20 наурызында сағат 16.30 –дан 8.30 дейін ҚазҰМУ – дың «Даңқ Залында» алғаш рет «Науқастың қауіпсіздігі және клиникалық әдеп: әлемдік стандарттар» тақырыбында кеңейтілген вебинар өтті




26.03.2012

Вебинарды ұйымдастырушылар  – Башқұрт Мемлекеттік медицина университеті, Уфа, Ресей және Анадолу медициналық орталығы, Стамбул (Турция).

Жетекші спикер – Dr. Hişam Alahdab, Анадолу медициналық орталығының директор орынбасары

Модератор –  БММУ медициналық генетика және нейрохирургия курстарымен неврология кафедрасының профессоры,  Дәлелді медицина мамандарының аймақаралық Қоғамы Башқұрт бөлімшесінің төрайымы Ахмадеева Л.Р.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ веминар қатысушысы болды. Пікірталасқа Коммуникативтік дағдылар орталығының директоры, профессор Асимов М.А. қатысты.

 Семинар бағдарламасында:

  • Клиникалық әдеп: әлемдік стандарттар, дәрігер үшін өзектілік;
  • Науқастың қауіпсіздігі: теориядан тәжірибеге;
  • Нейрогенетикадан мысалдар;
  • Ангионеврологиядан мысалдар;
  • Философтың, хирургтың, терапевтың, педиатрдың көзқарастары;
  • Медициналық әдеп бойынша маманның және психологтың көзқарастары.