ҚазҰМУ-дың, ҚР басқа жоғары оқу орындарының және шетел студенттері қосымша жазғы семестрінің пәндерін зерделеуге шақырылады.
Қосымша жазғы семестр 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 тамызына дейін өткізіледі.
Жазғы семестрдің пәндері білім берудің заманауи әдістерінің қолданылуымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілмек.
Пәндерді оқытушылар-ҚазҰМУ-дың жетекші профессорлары.
Оқытылған пәндер кредиттік және бақылау түрінің көрсеткішімен (немесе бақылау түрінің көрсеткішісіз) транскриптке енгізіледі.
Сіздер www.kaznmu.kz сайтының негізгі бөлімінің сол жақ бағанасындағы «2014-2015 оқу жылының элективтік пәндері»-«Жазғы семестр» айдарында элективтік пәнді таңдай аласыздар.
Қосымша элективтік пәндерге Сіздер академиялық жұмыстар департаментінде жазыла аласыздар (207 каб.) Тіркелу мерзімі жалғасуда.
Академиялық жұмыстар департаменті