2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОСЫМША ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРІ




18.04.2014

2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОСЫМША ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРІ

ҚазҰМУ-дың, ҚР басқа жоғары оқу орындарының және шетел студенттері қосымша жазғы семестрінің пәндерін зерделеуге шақырылады.

Қосымша жазғы семестр 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 тамызына дейін өткізіледі.

Жазғы семестрдің пәндері білім берудің заманауи әдістерінің қолданылуымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілмек.

Пәндерді оқытушылар-ҚазҰМУ-дың жетекші профессорлары.

Оқытылған пәндер кредиттік және бақылау түрінің көрсеткішімен (немесе бақылау түрінің көрсеткішісіз) транскриптке енгізіледі.

Сіздер www.kaznmu.kz  сайтының негізгі бөлімінің сол жақ бағанасындағы «2014-2015 оқу жылының элективтік пәндері»-«Жазғы семестр» айдарындаэлективтік пәнді таңдай аласыздар.

Қосымша элективтік пәндерге Сіздер академиялық жұмыстар департаментінде жазыла аласыздар (207 каб.) Тіркелу мерзімі 2014 жылдың 30 мамырына дейін.

 Каталог элективных дисциплин на летний дополнительный семестр на 2013-2014 уч.год

Академиялық жұмыстар департаменті