Студенттерге тақырып бойынша ақпарат беріліп, викторина жүргізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге витаминдер көзі болып табылатын мандарин таратылды. Тез дайындалатын тағамдардың зиян екендігі туралы видеофильм көрсетілді. Студенттерге берілген ақпаратты қамтитын сөзжұмбақ шешу ұсынылып, дұрыс жауап берген студенттерге алма таратылды. Студенттерге дұрыс тамақтану қағидаларын қамтитын ұсыныстар беріліп, алдағы білім алу жолдарында сәттілік пен оқу бойынша жетістіктерге жете берулеріне тілек білдірілді.
Ашық тәрбие сағатына «Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасының аға оқытушылары К.Ө. Қожамжарова, Г.Т.Кашаганова, С.Т Ерназарова, Ш.С.Марданова, Р.Н.Алибаева,С.Х. Мадалиева, Т.А.Жакановалар қатысты.«Фастфуд тез тамақтану. Пайдалы ма? Зиян ба?» тақырыбы әсіресе студенттер арасында өзекті болып табылады. Ашық тәрбие сағатына қатысқан оқытушылар мен студенттер берілген ақпарат пайдалы, күнделікті өмірде қолданатын мүмкіндігі бар, маңызды екендігін атап өтті.