25-26 мамыр 2012 ж. ҚазҰМУ жыл сайын өтетін халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті




07.06.2012

С.Ж.АСФЕНДИЯРОА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮЛГІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

 

25 мамыр, пленарлық мәжілісті ҚазҰМУректоры,  профессор  Айкан Аканович Аканов ашты, қатысушыларды Университеттегі маңызды оқиғамен құттықтады.  Конференция ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыру қорытындысына, 2011-2012 оқу жылын ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерге, университетте білім беру сапасын жоғарылату келешегіне және Қазақстан ЖОО кредитті-модульдік білім бру жүйесін енгізу тәжірбиесіне арналды. А.А.Аканович конференция конструктивті диалог ретінде өтетініне және Республиканың медициналық ЖОО оқу үдерісін және оқыту тәсілдерін ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгізудің қажеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік беретініне өз үмітін білдірді.

Құттықтау сөзімен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ байқаушы кеңесінің төрағасы, академик Төрегелді Шарманов  сөйледі, ЖОО өтіп жатқан сәтті өзгерістердің көрсеткіші болған осындай іс шаралардың керектігін айта кетті, және басқа ЖОО, кәсіби ассоциациялармен, студенттік бірлестіктермен конструктивті диалогқа бағытталғандығын атап өтті. Осындай конференция Университет оқытушыларына үлкен қызығушылық таныту керек, себебі баяндаушылардың берген ақпараттары республикада жоғары білім беруде өтіп жатқан әсіресе медициналық үдерісті ұғынуды кеңейтеді.

Конференцияның пленарлық күнінің тақырыбы  «Медициналық білім берудегі Болондық үдеріс» Қазақстанның жетекші университеттерінің Топ-менеджмент өкілдерін біріктірді, олар Болондық үдерістің басты қағидаларын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен, оқытудың кредиттік техгология әдісімен және өзгеріс жолындағы әр түрлі мәселелерімен бөлісті.

Басты баяндама С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры А.А.Аканов «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Болондық үдерісті жүзеге асырудағы тәжірибесі мен келешегі»,   бұл медицина және фармация басты мамандықтары бойынша білім беретін бағдарламалардың халықаралық мойындау және біртұтас еуропалық білім беру кеңістігіне кіру Университет қызметіндегі келешегі бар бағыт болып табылады.  2 жыл ішінде Университет оқу үдерісін жетілдіруде көп жұмыс жасады.  Отандық білім берудің жақсы дәстүрлерін сақтай отырып, ҚазҰМУ еуропалық кадрлар дайындауда өз жүйесін бейімдеу бойынша нақты әрекеттер жасауға шешім қаблданды.  Медициналық білім беру бакалврында құзыретті-хабардар Үлгі дайындалды және енгізілді, барлық мамандықтардың білім беретін траекториясы құрастырылды. 2011-2012 оқу жылында  С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Болондық үдерістің қағидаларын жүзеге асыру бойынша бірнеше іс шаралар мен белсенді қадамдар жасады. Баяндамада  А.А.Аканов  жаңа оқу жылында ҚазҰМУ ұжымының алдында тұрған міндеттерін анықтады.

   «Болондық үдеріс контекстінде Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту»  баяндамасымен С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ректоры Омирбаев Серик Мауленович сөйледі. Серик Мауленович  Медициналық білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістердегі ҚазҰМУ рөлін анықтайтынын белгіледі.   Баяндамасында ол республикадағы және әлемдегі жоғары кәсіби білім беруді дамыту үрдісі туралы айтып өтті. Хабарландырылатын мәліметтер Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесіне өту алғышарты, білім берудің және оқытудың  сапасын жоғарылату қажеттілігін қосу, еңбек рыногының талаптарын күшейту, Болондық үдеріске қосылу. Баяндамашы  Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің нормативті-құқықтық және заң шығарушы негіз барына ерекше көңіл бөлді,  бұл: Қазақстан Республикасының «білім беру туралы» заңы (2007 ж.). 2002-2006 ж.ж. кредиттік оқыту жүйесіне барлық ЖОО кезеңдік өтуі тәртіптік тәжірбиесінде  жүзеге асты.  2006-2010 ж.ж.  – барлық ЖОО кредиттік технологиямен оқыту жүйесіне толық көшу. Бұл кезең МЖМББС және Ережелерімен тәжірбиелерімен белгіленді.  2010 ж. оқытудың кредиттік технология жүйесі жаңартылды. ECTS  бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық үлгісі құрастырылды.

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім беру сапасын жоғарылату тұжырымдамасы туралы» оқу-тәрбие жұмыстары бойынша проректор  Тулебаев Казбек Агабылович сөйледіҚазҰМУ саясатының міндеті білім беру сапасын жоғарылату тұжырымдамасы шеңберінде Болондық үдерістің қағидаларын есепке алумен қатар және Университеттің стратегиялық даму жоспарымен  сәйкес жалпы стратегияны анықтайды, басты бағыттар, артықшылықтары. Баяндамашы Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша шара жоспарын ұсынды, басты бағыттары мен механизмі.

         Қазақстандағы жоғары білім беруді реформалауы бойынша ұлттық сарапшылар командасының мүшесінің сөз сөйлеуі қызықты және мәліметтерге толы болды,  Искаков Бисембай Мамаевич ҚР ҒБМ ҒАО сарапшысы. Оның баяндамасы «Қазақстан ЖОО Болондық үдерістің басты компоненттерінің бейімделуі» туралы. АҚШ, Еуропа және Қазақстан медициналық білім беру жүйесімен салыстыру анализімен Солтүстік Илиной Университетінің оқытушы Алмагамбетова Наиля сөз сөйледі.  

Джумалиева А.А. Қырғызстан Халықаралық университет мектебінің директоры Қырғызстан Республикасының медицина жоғары мектебінде кредиттік оқыту жүйесін енгізу тәжірбиесімен бөлісті.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі анықталған көшбасшылықтың басты мәселелері» жарқын және мазмұнды баяндамасымен, Канададан келген визитингі-профессор Director Health System Policy and Workforce Planning    Orvill Adams сөз сөйледі. Ол  ҚазҰМУ келгендегі өзінің әсерімен бөлісті, шетелдегі көшбасшылықты құрау мәселелері туралы және осы бағытта Университет алдында қандай міндеттер тұру керек екендігін айтты.

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (ҚазМемҚызПУ) құзыреттілік тәсіл негізінде кредитті-модульдік технологиямен оқытуды енгізу келешегі мен мәселелері туралы, оқу-әдістемелік басқарманың бастығы (ҚазМемҚызПУ)   Тойбаев Адлет Женисович баяндады. Университетте бірнеше жылдар бойы оқытуға құзыретті-хабардар тәсілі енгізілген.  Сонымен қатар құзыреттіліктің 4 категориясы анықталған (жалпы, арнайы, кәсіби және толықтырушы).

            Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлері мен студенттерінің құзыреттілік дамуы қалай жүріп жатыр, үздіксіз кәсіби даму орталығының бастығы Байльдинова Клара Женисовна баяндады, оқытушылар мен студенттердің ынтымақты жауапкершілігінің, сауатты және сындарлылық менеджменттің нәтижесінде университетте көп жұмыстар жасалынды.

     Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде кредиттік жүйені енгізу тәжірбиесі, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының доценті  Ошакбаева  Жулдыз Орынхановна баяндады,  ҚазҰМУ ректоры  А.А.Аканов өзінің түсініктемесінде ҚазҰАУ және ҚазҰУ зерттеулерін мемлекет қолдап отырғандығын айтты.  ҚазҰАУ осы жылы инновациялық және ғылыми бағытта дамуға шамамен 1 млрд теңге алды.

Пленарлық мәжілістің екінші бөлімінде С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрылымдық бөлімшелер басшылары сөз сөйледі, бакалавриатта медициналық білім берудің жаңа үлгісін енгізу қорытындысын көрсетті, білім беру үдерісін бақылау қорытындысын көрсетті және кредитті-модульдік оқыту жүйесін енгізу жолындағы туындаған мәселелермен бөлісті.

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры Абирова Мира Айтбаевна   ҚазҰМУ білім беру үдерісін ұйымдастыру, жаңа оқу жылында кредиттік технология бойынша оқыту туралы айтты, әр түрлі мамандықтар бойынша кредиттік сағаттар құрылымын түсіндірді. Жаңа жұмыс жүйесі бойынша оқытушылардың және студенттердің жеке оқу жоспарларының құрылу мысалдары көрсетілді.

Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу орталығының директоры Сарсенбаева  Сауле Сергазиевна   хабардар болудың алдын ала зерттеу деңгейінің қорытындысын көрсетті, ҚазҰМУ оқытушыларының кредитті-модульдік оқыту жүйесіне өтуге дайындық пен түсіністік. Бақылау кредиттік технология бойынша оқыту барысында оқытушылар мен студенттердің қақтығысатын мәселелерін белгілеп көрсетті,  сонымен қатар оқытушылардың білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жаңа оқу жүйесіне өтудегі «қорқыныш, тәуекел» сезінуі.

ҚазҰМУ оқу пәндерінің сапасын бағалау бойынша тәуелсіз сарапшылар топ жұмысының қорытындысы туралы микробиология кафедрасының меңгерушісі, тәуелсіз сарапшылар тобының төрайымы Рамазанова Бахыт Амануловна сөйледі.8 ай ішінде  сарапшылар тобы университеттің 16 кафедрасында оқу пәндерін ұйымдастыруды талдап шығарды, жағымды сәттерді анықтады, ҚазҰМУ кафедраларында практикалық сабақтарды ұйымдастыруды жетілдіруге ұсыныстар жасады.  Ректор А.А.Аканов  сарапшылар тобының жұмысының өте маңызды екенін айтты.

Медициналық білім берудің үлгісі бакалавриатта сәтті енгізілген. Жаңа оқу жылында Университеттің алдында медициналық білім беруде құзыретті-хабардар үлгісін дипломнан кейінгі дайындық деңгейінде жүзеге асыру, әсіресе жаңа Мемлекеттік білім беру бағдарламалар стандартын құрастыру және енгізу  шарты бойынша. Жалпы тәжірибе дәрігерлерін дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындау мәселелері  баяндамасымен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жоғары медицина мектебінің директоры  Балмуханова Айгуль Владимировна сөз сөйледі.

Академиялық мобильділік және оның білім беру сапасына  ықпалы  тақырыбында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының оқытушысы Кемелова Г.М. баяндады.

Конференция жұмысының 1 күнінің аяғында Қырғызстан Республикасының ДСМ Қырғыз Мемлекеттік біліктілікті көтеру және қайта дайындау медициналық институтының  ректоры Тулеген Чубаков сөз алды.  Ол өз тұсау кесер рәсімінде білім алудың нәтижелі әдісі мен кейінгі дайындық – электронды (қашықтықтан) оқыту, бұл E-Academy (Германия)  жобасының арқасында Қырғызстанда сәтті жүзеге асырылатындығын айтты. Баяндамашының айтуынша ҚММИД және БК ҚазҰМУ өз тәжірбиесі мен оқыту бағдарламаларымен бөлісуге дайын.

Конференцияның алғашқы күнінің қорытындысында ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақанов сөз алып, барлық баяндамаларға шолу жасады, конференция 200 ден астам қатысушыларды, 10 ЖОО, колледждер, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей медециналық мектептерінің өкілдерінің басын қосқанын жеткізді. Айкан Ақанулы мамыр айында конференцияны өткізу дәстүрі униерситетке Болондық үдерісінің ұстанымын сақтайтын және оқытуда біліктілікпен-дағдылануға негізделген медициналық білімнің Үлгісін енгізумен байланысты екенін баса айтты.  2011 жылдың  мамыр айында өткізілген алғашқы конференция  медициналық білімнің философиясын өзгертулер әкелді. Жыл бойы медициналық білімнің жаңа моделі ҚазҰМУ бакалавриат деңгейінде сәтті жүзеге асырылды, қазіргі уақытта интернатура мен магистратурада  біліктілікті-бағыттау білімінің бағыты дайындалды.   ҚазҰМУ медициналық ЖОО арасында бірінші болып фармация, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медико-профилактикалык және мейірбикелік іс факультеттерін кредиттік технологияға көшіруді жүзеге асырды.

Эволюциялық қайта құрылуына қарамастан ҚазҰМУ Болондық үдерісін үйлесімді ендірумен байланысты бірнеше сұрақтар жауапсыз қалып отыр, нақтырақ айтсақ стоматология мен жалпы медицина  факультеттерінде кредиттік жүйеге көшу, бастапқы ЖОО оқыту технологиясын аударуды жүзеге асыру, қашықтықтан оқыту үдерісінде белсенді қолдану, үш тілдік білімді жүзеге асыру, соңғы қорытындыда медицина мен фармация бойынша оқыту бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді жүзеге асыруға рұқсат береді және Университетті халықаралық рейтінгтің халықаралық ұстанымына шығару.

Талқылауға профессор Мейманалиев Т.С. және визитинг-профессор Орвил Адамс қатысты. Сөз алғандар пленарлық кеңестің басқы баяндамаларына көзқарастарын білдіріп, ҚазҰМУ орын алып жатқан қайта құрулар ғылыми және әдістемелік түрде негізделген, жақсы ресурстық және материалдық базамен, мықты мамандармен  жасақталғанын айтты. Халықаралық білім кеңістігіне кіру ҚазҰМУ қажет, сондықтан университет барлық жағдайды жасауда.

26 мамыр 2012 жыл. Конференцияның екінші пленарлық бөлімі мен секциялық бөлімді қосты.

Пленарлық сессияда Әлемдегі медициналық білім беру баяндамасымен ҚазҰМУ   визитинг- профессоры, ЖОД Евро кеңесшісі Мейманалиев Т.С. сөз алды.  Тұсау кесерінде TheLancet (2010 г.)  Глобалдық тәуелсіз комиссияның ұсыныстары берілді. – 21 ғасырда медицина қызметкерлерін оқыту, Баяндамашы 20 ғасырда медициналық білім беруде орын алған 3 кезеңдік өзгерістерді айтып шықты.

 

The Lancet 3 кезеңінің мақсатын жүзеге асыру үшін осындай білім алу үшін Комиссия барлық елдегі  денсаулық сақтауды мобилизациялауды ұсынады, сонымен қатар профессор Мейманалиев  Т.С. Куан медицина мектебіне барғандағы пікірімен бөлісті. Баяндамашыға шетелдегі денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға байланысты  бірнеше сұрақтар қойылды .

Қоғамдық денсаулық сақтау секторының инновациялық кадрлық қамсыздандыру баяндамасымен ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің директоры Камалиев М.А. сөз сөйледі. Профессор Камалиев М.А. денсаулық сақтау ұйымдарының басты дағдылары мен өзекті мәселелері туралы айтты.  Оның  баяндамасына байланысты   проф. Сапаргалиева А.К., Кенесариев У.И., Тукешева талдаулар мен сұрақтарын қойды, денсаулық сақтаудың жиі секторының өкілдері, Қазақстандағы денсаулық сақтауды ұйымдастыруға мамандарды дайындау  секторына байланысты пікірталас туындады.

Соңында бағдарламасы бойынша келген коммуникативтік құзырет аумағында болашақ дәрігерлердің алдында тұрған мәселелері туралы  және ҚазҰМУ ұжымына алғыс сөзімен   профессор Сирота Наталья Александровна (Ресей) сөз алды.

Ары қарай конференция жұмысы 59 ауызша және 15 стендтік баяндамалар тыңдалған 5 секция бойынша жалғасты, мынадай бағытта:

 1 секция   «ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: Болондық үдеріс қағидаларын жүзеге асырудағы келешегі мен қорытындылары».

2 секция «Дипломнан кейінгі дәрежеде ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асырудың келешегі» .

3 секция  «Медицина және фармация саласында мамандарды дайындаудың инновациялық технологиялары».

4 секция  «Білім беру үдерісіндегі қашықтық технологиялары».

5 секция  «Фтизиопульмонологияда білім беру технологиялары».

       Жұмыс біткеннен кейін конференцияны талқылау және қорытындылау болды «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісін жүзеге асырудағы тәжірибе».

 

 Жұмыстың қорытындылары бойынша секция модераторлары сөз сөйледі:

  • Джумашева Р.Т., жалпы медицина факультетінің деканы
  • Балмуханова А.В., Жоғары медицина мектебінің директоры
  • Устенова Г.О., фармация оқу департаментінің директоры
  • Нугманова Ж., жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры
  • Рахишева А.С., фтизиопульмонология кафедра меңгерушісі.

Постерлік сессия жұмыстарының қорытындысы бойынша БСЗБ және МБРҒН орталығының директоры Сарсенбаева С.С. сөйледі. ҚазҰМУ қызметкерлерінен конференция бағдарламасына ұсынылған 15 постерлердің ішінен қызықты және мазмұнды баяндамалар белгіленді:

«Жалпы медицина» факультеті студенттерінің терапевтік бағыттағы  коммуникативтік құзыреті. Авторы Давлетбакова А.Ш.,коммуникативті дағдылар кафедрасы психология және медициналық этика негіздерімен

            ҚазҰМУ коммуникативті құзыретті бағалау және қалыптастыру әдісі. Авторлық ұжым Асимов М.А., Мадалиева С.Х., Кошаганова К.С.,  коммуникативті дағдылар кафедрасы психология және медициналық этика негіздерімен

 

Терапевтік стоматология пропедевтикасы модулінде оқытудың интерактивті үлгісі Автор  Баяхметова А.А., терапевтика пропедевтикасы модулінің жетекшісі

            Балалық жастағы стоматология модулінде интерактивті оқыту әдісі.   Авторы Рысбаева Ж.И., балалық жастағы стоматология модулінің жетекшісі

           «Ауыз шырышты қабығының және ерін қызыл жиегінің ауруы» бөлімін меңгеруде кейс-стади әдісін қолдану. Авторы Искакова М.К. терапевтикалық стоматология модулі

            Студенттік ғылыми зерттеулердегі жаңа информациялық технологиялар

Авторы  Бошкаева А.К. фаpмацевт-аналитик  модулі

            «Жалпы медицина» мамандығы бойынша студенттер білімін бағалау үшін біліктілік әдісін қолдану

Авторы Тукешева Б.Ш. и  Краснова С.А.,ішкі аурулар  кафедрасы   

            Шет тілді оқытудағы студенттердің кәсіби құзыретін қалыптастыру

Авторлары Сулейменова О.Я., Садыкова А.А., Лозенко И.В., шет тілдер кафедрасы       

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша кредиттік оқытудың инновациялық әдісін қолдану. 

Авторлары Бисембаева З.Б., Жолдабаева С.А., Қазақстан тарих, философия және  саясаттану және әлеуметтану кафедрасы

Информатика пропедевтикасында инновациялық технологиялар. 

Авторлары Андаспаева А.А., Ажибекова Ж.Ж., медициналық биофизика, информатика және математикалық кафедрасы

              Патфизиология кафедрасында оқытудың жаңа әдістері.

            Рыспекова Н.Н., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патфизиология кафедрасы

 

Конференция қонақтарына постер берілді:

         Орысша және қазақша бөлек ынталандыруға ассоциативтік ұқсастықтың кейбір себептері туралы.

 Авторы Ганбаpова И.P. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

 

Конференцияға қатысушыларға талқылауға бірнеше ұсыныстардан кейін қабылданған шешім қабылдау жобасы берілген.

 

Кілт сөздер:  Болондық үдеріс,  білім беру конференциясы,  медициналық білім беру үлгісі,  құзыреттері, оқытудың кредиттік технологиясы, білім беру үдерісін бақылау.

 

ҚазҰМУ ректоры  А.А.Аканов қорытынды сөзін сөйледі.

«Біздің университетте тағы да бір жақсы дәстүр пайда болды. Университет күнімен, Тамыз оқулрымен қатар біз  екінші жыл қатарынан ҚазҰМУ медициналық білім берудің жаңа  Үлгісін  дамыту және жүзеге асыру қорытындысын жасай отырып, Қазақстанның ең жақсы ЖОО  өкілдерін мамырда өтетін конференцияға шақырамыз, Университет студенттерін, оқытушыларын, біздің жетістіктерімізді талықлау және басқа ЖОО тәжірибесін есту үшін, сонымен қатар ҚазҰМУ білім беру үдерісіндегі кейінгі жетілдіру келешегі мен мәселелерін көрсету үшін.  Бұл кәсіби кездесу әр түрлі мемлекет университеттерінің  және Республиканың  медициналық мекемелерінің пікірлес адамдарын біріктірді.конференция ашу барысында біз алдымызға мынадай 3 басты мақсат қойдық: дипломнан кейінгі дайындық деңгейінде бакалавриатта медициналық білім берудің  құзыретті-хабардар үлгісінің жүзеге асудағы қорытындысы; ҚазҰМУ кредитті-модульдік оқытуға көшу; инновациялық әдіспен оқыту. Қзіргі уақытта конференция өз міндетін орындады деп санауға болады. Осы конференция тәжірибелік өнім алсын десек, конференцияға қатысушылардың, баяндамашылармен айтылған, сессиялық мәжіліс бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жоспарды құрастыру оқу-тәрбиелік жұмыстар бойынша проректоры Тулебаев К.А. басшылығымен жұмыс тобын құру қажет. Барлық баяндамашыларға, конференцияға қатысушыларға, Университет ұжымына, ұйымдастыру комитетінің мүщелеріне алғыс білдіреміз»

Конференция біткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат берілді.

 

Жоба

 

С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісін жүзеге асырудағы тәжірибе

 

ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАУ

 

          …..

2012 жылы 25-26 мамырда Алматы қаласында өткен Халықаралық қатысумен   «С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің медициналық білім беру үлгісін жүзеге асырудағы тәжірибе» ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

1)     Болондық конвенсияның талаптарына сай 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік  бағдарламасының  басты бағыттарына сәйкес келетін ҚазҰМУ медициналық білім берудің құзыретті-хабардар Үлгісін жетілдіруді және жүзеге асыруды жалғастыру.

2)    Болондық үдерістің негізгі параметрлеріне сәйкес келуі бойынша Университетте оқытудың кредитті-модульдік технологияны енгізу негізгі шарт болып табылады. 

3)    Оқытудың кредиттік технологияға негізделген және пәндерді модульдік жүйе негізінде құрау, «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология», «Фармация», «Мейірбикелік іс» бакалавриат мамандықтары бойынша студенттерді дайындау үшін құрастырылған білім беру бағдарламалары 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап басшылық жобасы ретінде ҚазҰМУ енгізуді ҚР ҒБМ және ҚР ДМ өтініш ету.

4)    Медициналық білім берудің барлық деңгейіне сабақтастық негізінде, медициналық мамандарды дайындаудың сапасын жетілдіру мақсатында дипломнан кейінгі деңгейде, ҚазҰМУ медициналық білім беру Үлгісі негізінде құралған Білім беру бағдарламаларын қолдануға ҚР ҒБМ және ҚР ДМ өтініш ету. 

5)    Түлектердің тәжірбиелік дағдыларын тәуелсіз бағалауды дамытумен қатар, барлық құзыретті дамытуды есепке алумен үйренушілердің оқу жетістіктерін бағалау  жүйесін кейінгі жетілдіру қажеттілігі.

6)    Білім беру үдерісін ұйымдастыруда инновациялық құрылымды жетілдіру және білім беру үдерісінің жаңа парадигмасын оңтайлы жүзеге асыру үшін  (оқу департаменттері, білім беру бағдаламаларының комитеттері).

7)    Білім беру жүйесін жаңаландыру мақсатында инновациялық білім беру технологиясы ретінде  С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қашықтықтан оқытуды енгізу қажеттілігі.

8)    Студенттер мен оқытушылардың академиялық-мобильділігін дамыту жоғары білім берудің сапасын қамсыздандырудың маңызды факторы ретінде білім берудің Еуропалық кеңістік шеңберінде және оның шеңберінен тыс трнасшекаралық серіктестікті кеңейту және студенттерді жұмыспен қамтамасыз етуді жоғарылату.

9)    Жоғары білікті медициналық маман дайындау мақсатын жүзеге асыру үшін қаржыландыруға сәйкес құралдарының дамуы.  

10) Барлық деңгейде оқыту мен үйрету, ғылыми зерттеулер мен практикалық медицина қызметі арасында байланыс орнату. Оқу бағдарламалары практикалық денсаулық сақтау және зерттеу аумағында  басымдылық өзгерістерін көрсетіп отыру керек, сонымен қатар зерттеулер оқыту және үйрету негізінде болу керек.

11) 3 тілді оқыту бағдарламасын дамыту – жоғары білім берудің интернационалдық негізі ретінде.

12) Ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру үдерісін бақылау және ұйымдастыру факторы ретінде ақпараттауды кеңейту.

13) Профессорлық-оқытушылық құрамның құзыреттілігін дамыту медициналық білім беруді жетілдіру және тұрақты дамыту үшін қажетті, жауапты және сыншыл ойлайтын және инновациялық, шығармашылық педагогтарды құраудың негізі.

14) Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялау қажеттілігі білім беру үдерісінің сапасын қамсыздандырудың кепілі ретінде.

 

 

Конференцияға қатысушылар осындай іс шаралардың қажеттілігін  бір ауыздан қолдап және алдағы уақытта тәжірибемен алмасу және Қазақстанда жоғары білім беру әсіресе медициналық білім беру  сапасын жақсарту саласын үйлестіруге күш салысуда.

2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының және 2011-2020 жылдарға ҚР білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарлама ережесі негізінде медициналық білім беруді жетілдіру бойынша ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылық құрам жүйелі және мақсатты қызметті жүргізуді жалғастырады, сонымен қатар Университетте Болондық үдерістің параметрлерін дамыту және бекіту үшін. Біз білім беру саясатының келісушілігіне талпынатын боламыз, әсіресе үш деңгейлік жүйеге өту және бекіту аумағында,  ECTS кредиттерін қолдану, дипломға қосымша шығару, оқытуды бағалаудың қорытындысы және анықтаумен қоса сапа кепілдігін жоғарылату және білікті шеңберіді енгізу.