25 қыркүйек, сағат 16:30, №1 М.Мәметова атындағы дәрісханада «Поэзия кеші» өтті




01.10.2012

Байқауға жиырмадан астам студенттер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Cтуденттер Мәншүк Маметоваға арналған авторлық өлеңдері мен ақын-жазушылардың патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ресей Федерациясындағы Псков облысы Невель қаласы және туған жері Орал қаласына іс-сапармен барып келген топ мүшелері студенттерге өз ойларымен бөлісті.

«Поэзия кешіне» қатысқан студенттер арасынан ең үздік өлеңдер мен ең үздік шығармашылық иелерін анықтау қазылар алқасына қиынға соқты. Жеңімпаздарды дипломмен марпаттау қорытынды күні 2 қазанда университет көлемінде өтетін шараның салтанатты бөлімінде өтеді.

 

 

Студенттердің әлеуметтік-мәдени

құзіретін дамыту басқармасы