6 наурыз 2014 ж. Дөңгелек үстел «ҚазҰМУ – дың Саусхэмптон университетімен ынтымақтастығының келешегі»




11.03.2014

Саусхэмптон университетінің ҚазҰМУ – дағы сапары аясында Университетті дамыту институтымен және Дипломнан кейінгі білім беру проректорымен 2014 жылдың 6 наурызында британдық өкілдердің, Оқу департаменттерінің директорларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және ЖММ кафедраларының меңгерушілерінің қатысуымен Дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жөңгелек үстелдің модераторы болып Дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ф.Н.Нурманбетова сөз сөйледі.

 Саусхэмптон университетінің өкілдері келесідегідей презентациялар көрсетті:

– проф. Jonathan Drennan, Денсаулық туралы ғылымдағы көшбасшылық және инновация орталығының директоры  «Research Opportunities, An overview of research at the Faculty of Health Sciences» тақырыбында презентация көрсетті.

– Jan Davis, RN RM RSCN BSc (Hons), MBA, PCAP, NP, оқу бағдарламаларының жетекшісі (Leadership & Health Systems),  «Leadership in Health Systems» тақырыбында презентация көрсетті.

– дөңгелек үстел барысында Ассоциаланған декан (Strategy Delivery, Business and Enterprise),  доктор Sue Colley on-line арқылы  «Innovations in Technology: Selected examples of Faculty of Health Sciences activity.

Dr Sue Colley – Associate Dean, Strategy Delivery, Business and Enterprise» тақырыбында презентация көрсетті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы:

  1. ҚазҰМУ қызметкерлерінің Саусхэмптон университетінің оқу бағдарламаларымен танысуы;
  2. Саусхэмптон университетінің үздік клиникалық тәжірибелерімен танысуы;
  3. Инновация, денсаулық сақтаудағы менеджмент, мейірбикелік білім, көшбасшылық бағдарламалары, зерттеулік тәжірибелер саласында Саусхэмптон университетінің тәжірибесін ҚазҰМУ – да енгізу мүмкіндіктерін талқылау.
  4. Саусхэмптон университетімен ҚазҰМУ – дың ынтымақтастық бағытын анықтау.

Саусхэмптон университеті 1862 жылы негізін қалаған және Бүкіләлемдік университеттер желісіне және  «Рассел» зерттеулік университеттер тобына кіреді.

University of Southampton магистратура және бакалавр бағдарламаларында 24 000 астам студенттер білім алады. Times Higher Education Table және QS World University Rankings рейтингіне сәйкес ғаламның 100 үздік университеттерінің қатарына кіреді. 2013 жылы Complete University Guide баспасы берілген салалардағы зерттеу деңгейлері бойынша

топ – 10 қатарына орналастыра отырып,  университеттің 13 ғылыми – зерттеулік мамандықтарын атап көрсетті.