9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні




16.04.2015

 

2015 жылдың 14 сәуірінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдығына орай қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты әдеби-танымдық кештің 

ЕСЕБІ

 

            2015 жылдың 14 сәуірінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдығына орай қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруыменҰлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Кафедра  меңгерушісі, доцент  З.А.Абдуллина және оқытушылар Ж.С.Дәулетбекова мен Қ.С.Бурахановалар  кешке жетекшілік  етіп, жауапты болды.Сонымен  қоса бұл кешке жалпы медицина факультетінің 050-1, 052-1-2, 048-1 топ студенттері  өте  белсене ат  салысты.

            Ұйымдастырылып отырған кеш студенттерді, болашақ ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғауға және де патриоттық тәрбие беру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

            Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі – әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін,  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес.

Кешке университеттің оқу департаментінің бастығы К.А.Булыгин мырза қатысып, өз ризашылығын білдірді.

Әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттер кеш шымылдығын ҚР Әнұранымен ашты.

            «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты әдеби-танымдық кештің басында Ұлы Отан соғысы жылдарына арналып дайындалған «Ешқашан соғыс болмасын», «Отан үшін от кешкен жауынгерлер» атты көріністерді көргенде  және «Майданнан хат», «Майданға хат» үзінділерін, Ғ.Мұстафиннің «Жас қазақ» әнін, жалпы медицина факультетінің студенті Попова Дарьяның өзі шығарған «Мы никогда не забудем»өлеңін тыңдаған көрермендер көздеріне жас алды.

Кештің екінші жартысында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған патриоттық әндер, «Ардагерлерге тағзым» өлеңі, үнді қыздарының биі, шешен, қазақ, орыс билері және де қазақтың күйлері көрермендердің көңілін көтерді. Кафедраның  доценті  Т.Қ.Зайсанбаев  9-мамыр  Жеңіс  күнімен  құттықтап  музыкалық  сәлем  жолдады. Кеш  өте  әсерлі  өтті.

Кеш соңында кафедра меңгерушісі З.А.Абдуллина сөз сөйлеп, кешке белсенді қатысқан студенттерге мақтау қағаздарын тапсырды.

Университет кітапханасы «9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты көрме  ұйымдастырды.

Кафедра  меңгерушісі, доцент  Абдуллина З.А.,  

оқытушылар фил.ғыл. маг. Бураханова  Қ.С., Дәулетбекова  Ж.С.