Санжар Асфендияровтың 125-жылдығына арналады
Құрметті әріптестер!
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ желтоқсан айының басында жетінші мәрте өз қабырғасында әріптестерін, Университеттің түлектерін, тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерін және серіктес университеттерді жинағалы жатыр. Дәстүрлі «Университет Күндері» мақсаты медицина және фармация мамандарын ұлттық деңгейде және тереңірек масштабта даярлауды жетілдіру болып табылатын нәтижелі диалог аясында өтеді.
Бүгінгі таңда Университет өзінің құндылықтары мен дәстүрлерімен шетелдің 100 университетімен және ҚазҰМУ мүше болып табылатын халықаралық Ассоциациялармен (AMEE, ADEE, AMSE, EUA, IUA, ASPHER, GSM Barcelona, FDI, EROFDI, Бүкіләлемдік Фармацевтер федерациясы, «Сібір ашық университеті» қашықтықтан оқыту бойынша Ассоциация) ынтымақтстығын, Қазақстан Республикасының жетекші клиникаларымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын, Бүкіләлемдік медициналық білім беру федерациясының сарапшыларының институционалдық бағасымен, Университеттердің және білім беру бағдарламалардың ұлттық рейтингтеріндегі көшбасшылығымен мақтан тұтады.
Сізбен Университет қабырғасында кездесуге және Қазақстан Республикасының білім сапасын жоғарылатуға, кәсіби кадрларды даярлауда ынтымақтастықты ары қарай дамытуға үміттенеміз.
Ұйымдастыру комитеті
Өткізілетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі 94, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аудиториялары