УНИВЕРСИТЕТ КҮНДЕРІ – 2014




19.11.2014

Санжар Асфендияровтың 125-жылдығына арналады

 

Құрметті әріптестер!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ желтоқсан айының басында жетінші мәрте өз қабырғасында әріптестерін, Университеттің түлектерін, тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерін және серіктес университеттерді жинағалы жатыр. Дәстүрлі «Университет Күндері» мақсаты медицина және фармация мамандарын ұлттық деңгейде және тереңірек масштабта даярлауды жетілдіру болып табылатын  нәтижелі диалог аясында өтеді.

2-4 желтоқсан аралығында 40-тан астам студенттік және факультеттік іс-шаралар (конференциялар, мастер-кластар, дәрістер, пікірсайыстар, кездесулер, жарыстар) өткізіледі. Өткізілу барысында қазақстандық медициналық университеттерімен халықаралық деңгейге жету сұрақтары бойынша әлемнің ТОП университеттерінің өкілдерімен ынтымақтас болу, денсаулық сақтау, клиникалар және ғылым саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерімен алмасу, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бірыңғай мақсат, бірыңғай ықылас, бірыңғай болашақ» атты халыққа жолдауына сәйкес республикамыздың медициналық ұйымдарының жетекшілерімен ҚазҰМУ түлектерін даярлау бойынша талқыланады.Жыл сайын Университет ұжымымен дамудың басты бағыттарын айқындайтын оқу жылының ұраны анықталады. Өткен үш жылда «Ақпараттандыру жылы», «Оқытушылар мен студенттердің білім сапасына ынтымақты жауапкершіліктік жылы» және «Білім, ғылым және тәжірибе интеграциясы: Қазақстан-2050 Стратегиясы» ретінде белгіленді. 2014 жыл «Оқытушылардың құзыреттерін дамыту арқылы білім берудің жоғары сапасына жету» ұранымен өтеді. Сондықтан, биыл серіктес-университеттермен өтетін дөңгелек үстөлдің тақырыбы «21 ғасырдағы медициналық білім беру: оқытушылардың құзыреттіліктері арқылы жоғары сапаға қадам» болып табылады.

Бүгінгі таңда Университет өзінің құндылықтары мен дәстүрлерімен шетелдің 100 университетімен және ҚазҰМУ мүше болып табылатын халықаралық Ассоциациялармен (AMEE, ADEE, AMSE, EUA, IUA, ASPHER, GSM Barcelona, FDI,  EROFDI, Бүкіләлемдік Фармацевтер федерациясы, «Сібір ашық университеті» қашықтықтан оқыту бойынша Ассоциация) ынтымақтстығын, Қазақстан Республикасының жетекші клиникаларымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын, Бүкіләлемдік медициналық білім беру федерациясының сарапшыларының институционалдық бағасымен, Университеттердің және білім беру бағдарламалардың ұлттық рейтингтеріндегі көшбасшылығымен мақтан тұтады.

Сізбен Университет қабырғасында кездесуге және Қазақстан Республикасының білім сапасын жоғарылатуға, кәсіби кадрларды даярлауда ынтымақтастықты ары қарай дамытуға үміттенеміз.

Ұйымдастыру комитеті

 

 

Өткізілетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі 94, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аудиториялары

 

okon4atel'no1