10-15 қазан 2011 ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы визитинг бағдарламасы бойынша
«Балалар кардиологиясының сұрақтары. Интерндер мен резиденттерді оқытудың қазіргі аспектілері»
тақырыбында дәрістер, семинарлар, мастер-класстар ұйымдастырады.
Шараның негізгі қонағы – визитинг-профессор Басаргина Елена Николаевна.
м.ғ.д., профессор Басаргина Е.Н. – РМҒА балалар денсаулығы Ғылыми орталығының кардиология бөлімшесінің жетекшісі (Ресей, Мәскеу қ.), Ресей педиатрлар Одағының мүшесі, Ресей кардиология Ассоциациясының мүшесі, «Балалардағы жүрек және қантамырлары аурулары» журналының жауапты хатшысы, «Балалардағы жүрек-қантамырлары аурулары» мәселелі комиссиясы төрағасының орынбасары.
Бағдарламада –
Балалар кардиологиясы. Мәселелері мен шешу жолдары. |
Балалар мен жасөспірімдердегі миокардиодистрофия. |
Балаларда созылмалы жүрек жетіспеушілігінің патогенезі. |
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. |
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасты клиникалық талдау. |
Балалардағы жүректің туа біткен даму ақаулары. |
Балалардағы кардиомиопатия. |
Балалардағы ревматизм. |
Балалардағы миокардит. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. |
Перикардит диагностикасы мен емі. |
Балалардағы жүрек ырғағының бұзылысы: пайда болу заңдылығы және клиникалық ағымы. |
Балалардағы қорлану аурулары кезіндегі жүректің зақымдануы. |
Балалар мен жасөспірімдердегі артериялық гипертензия. Диагностикасы, емі және алдын алу. |
Науқастарды клиникалық талдау Алматы қ. № 2 ҚКБА өтеді.
Дәрігерлік қабылдау ҚазҰМУ оқу-клиникалық орталығында жүргізіледі.
Оқу аяқталғаннан кейін сауалнама, кері байланыс жүргізіледі және конференцияға қатысушылардың барлығына (!!!) көлемі 36 сағаттық сертификат беріледі.
Сабақтарды № 2 ҚКБА конференция залында жүргізу жоспарлануда (2 ықшам ауданы, Алтынсарин көшесі, Жубанов көшесінің қиялысы).
Визитингтің толық жоспарын университет сайтынан көре аласыздар.