Кардиология қызығушыларына!




29.09.2011

10-15 қазан 2011 ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы визитинг бағдарламасы бойынша

«Балалар кардиологиясының сұрақтары. Интерндер мен резиденттерді оқытудың қазіргі аспектілері»

тақырыбында дәрістер, семинарлар, мастер-класстар ұйымдастырады.

 

Шараның негізгі қонағы – визитинг-профессор Басаргина Елена Николаевна.

м.ғ.д., профессор Басаргина Е.Н. –  РМҒА балалар денсаулығы Ғылыми орталығының кардиология бөлімшесінің жетекшісі (Ресей, Мәскеу қ.), Ресей педиатрлар Одағының мүшесі, Ресей кардиология Ассоциациясының мүшесі, «Балалардағы жүрек және қантамырлары аурулары» журналының жауапты хатшысы, «Балалардағы жүрек-қантамырлары аурулары» мәселелі комиссиясы төрағасының орынбасары.

Бағдарламада  – 

Балалар кардиологиясы. Мәселелері мен шешу жолдары.
Балалар мен жасөспірімдердегі миокардиодистрофия.
Балаларда созылмалы жүрек жетіспеушілігінің патогенезі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасты клиникалық талдау.
Балалардағы жүректің туа біткен даму ақаулары.
Балалардағы кардиомиопатия.
Балалардағы ревматизм.
Балалардағы миокардит. Клиникасы.  Диагностикасы. Емі.
Перикардит диагностикасы мен емі.
Балалардағы жүрек ырғағының бұзылысы: пайда болу заңдылығы және клиникалық ағымы.
Балалардағы қорлану аурулары кезіндегі жүректің зақымдануы.
Балалар мен жасөспірімдердегі артериялық гипертензия. Диагностикасы, емі және алдын алу.

 

Науқастарды клиникалық талдау Алматы қ. №  2 ҚКБА өтеді.

Дәрігерлік қабылдау ҚазҰМУ оқу-клиникалық орталығында жүргізіледі.

Оқу аяқталғаннан кейін сауалнама, кері байланыс жүргізіледі және конференцияға қатысушылардың барлығына (!!!)  көлемі 36 сағаттық сертификат беріледі.

Сабақтарды № 2 ҚКБА конференция залында жүргізу жоспарлануда (2 ықшам ауданы, Алтынсарин көшесі, Жубанов көшесінің қиялысы).

Визитингтің толық жоспарын университет сайтынан көре аласыздар.