АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА




09.10.2012

Қымбатты әріптестер!

         С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) Сізге өзінің  қошеметін білдіреді және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің жауапты хатшысы С.Р.Мусинованың ресми жарлығына сәйкес 2012 жылы желтоқсанның 2-4 аралығында Алматы қ. (Қазақстан) «Университет Күндері» дәстүрлі халықаралық конференциясының өткізілетіндігі туралы Сізді ақпараттандырады.

«Университет Күндерінің» мақсаты әлемдік ғылымның және білімнің дамуына медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің, дәрігерлердің, зерттеушілердің, оқытушылардың қызығушылықтарын жоғарылату және оларды қазіргі заманғы көрнекті ғалымдардың жаңа жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

2011 ж. конференцияның ашылу салтанатына Университеттің 32 жоғары оқу орны-серіктестер,  30 әлемдік-танымал  визитинг-профессорлар, республиканың барлық облыстарының делегациялары, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің және денсаулық сақтау Министрлігінің өкілдері қатысты.  «Жетістікке серіктестік және инновациялар арқылы» С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жоғары оқу орны-серіктестерінің дөңгелек үстелі әлемнің 18 университеттері өкілдерін біріктірді.

«Университет Күндері-2012»  медициналық ғылым мен білімнің инновациялық дамуына арналады және жоғары білім берудің еуропалық аймағына интеграциялаудың сұрақтары және ҚазҰМУ Болондық үрдістің қағидаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен диалогта құрастырылатын болады.

«Университет Күндерінің» жоспарланған 3-күндік бағдарламасына енетін болады:

–         2 желтоқсан – «Студенттер күні», студенттер қатарына қабылдау салтанатынан, Студенттік үкіметтің инаугурацисынан, дебаттар, интеллектуалды ойындардан, спорттық жарыстардан тұрады.

–         3 желтоқсан 2012 ж. –регенерациялық медицина және тіндік инженерия, роботтық хирургия сияқты медицинаның өзекті мәселелері бойынша академиялық оқулар, Джулиет Драпер атындағы коммуникативті дағдылар Орталығының салтанатты ашылуы,  АҚШ, Канададан, Германиядан, Сингапурдан, Жапониядан, Ұлыбританиядан, Малайзиядан, Польшадан, Ресейден,  Украинадан, Белоруссиядан, Армениядан әлемдік аттары бар ғалымдардың қатысуымен, жоғары оқу орны-серіктестермен  дөңгелек үстел өткізу.

–         4 желтоқсан – «Факультеттер Күні» аясында медицина және фармацияның, SGS Group (Швейцария) өкілдерінің қатысуымен сапа менеджментінің тиімді жүйесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық деңгейдегі конференциялар, шеберлер-кластары, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Шаралардың өткізілуі туралы ақпараттар БАҚ кеңінен жарияланатын болады. «Университет Күндері» өткізу кезінде ҚазҰМУ аймағында «Креативті Университет», «Замануи медициналық білім беру», фармацевтикалық өндірушілердің және медициналық құрал – жабдықтар өнімдерінің көрмелелері ұйымдастырылатын болады.

ҚазҰМУ түлектерінің Ассоциациясы және ұйымдастыру комитеті Сізді және Сіздің қызметкерлеріңіздің конференция шараларына қатысуы үшін шақыруды құрмет етеді.

Шаралар мына мекен-жай бойынша өткізілетн болады: Қазақстан, Алматы қ., Төле би көшесі, 94.

 

Конференцияның үйлестірушісі

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

БСЗБжМБРҒН Орталығының директоры

С.С.Сарсенбаева, м.ғ.д., профессор

(8727)2926969 (ішкі 147), 8701 329 16 65, [email protected]